Семей силикат зауыты. Семей цемент зауыты туралы реферат


Семей силикат зауыттың тарихы | Силикат Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жетіжылдықтың тұңғышы Семей силикат зауыты қаламыздағы және Қазақстандағыең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Осы шақта – «Силикат» ЖШС.Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы өндіріс, азаматтық, мәдени-әлеуметтікОбъектілердің көбі силикат кірпіштен салынған. Сонымен қатар зауыт өнімдерініңмосқал бөлігі Қазақстанның және Ресейдің түкпір –түкпіріне жеткізіледі.Ал түсті металлургия кәсіпорындары және алтын өндірушілер әктасты өз технологияларында пайдаланады.Зауыттың тату-тәтті ұжымы шығармашылықпен жұмыс істей отырып, бір-бірінеқайырымдылық жасауға дайын.Директорлар кеңесі, инженер-техникалық қызметкерлері жаңа технологиялар енгізу-мен бірге еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешу барысында үнемі шығармашылық ізденісте.Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып зауыт ұжымы алдына құрылыс материалдарын шығаруда үлкен бағдарламақойып отыр.«Силикат» ЖШС Қазақстан құрылыстарына 140 миллион дана кірпіш және 70 мыңтонна әктас жіберіп отыр.Қазіргі жетістіктерге жету үшін зауыт ардагерлерінің қажырлы еңбегін ұмытпау керек.

 

1953 жылы қала маңынан кварц құм кенорындары табылды, оның қоры және кірпіш өндірісіне жарамдылығы анықталды.

1954 жылғы 22 маусымда КСР одағының Министрлер Кеңесінің №1240 Қаулысы бойынша Семей қаласында жылына 60 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт құрылысы жоспарланды.

Семей стансасынан солтүстікке 2,5 км жерден алаң бөлініп, зауыт жобасына техникалық жағдайлар жасалды.

Зауыт жобасы Алматы Казпромстройпроект институтына тапсырылды. КСРО құрылыс материалдар Министрлігінің 1955 жылғы 12 сәуірдегі №56\р-583 Бұйрығымен Семей силикат кірпіш зауыты жобасы бекітілді.

1958 жылы уақытша технология сұлбасы бойынша зауыттың бірінші кезегі іске қосылды. Сол жылдың соңында 39 мың дана кірпіш шығарылды.Негізгі жабдықтар (револьверлі престер - 4 дана, автоклавтар - 6 дана, ұсатқыштар - 2 дана, вагоншалар, электроарбалар) ГДР - дан жеткізілді. Қалған жабдықтар отандық зауыттардан алынды.Әктасты ұнтақтау және елеу технология желісі далада орналасты. Зауытқа әктас Алтай өңірі Горняк поселкесінен тасылды.

Ол кезде жұмыстың жартысы қолмен жасалды. Әр престі бес адам іске асырып отырды-бір престеуші, төрт түсіруші.

Дайын кірпішті үстелден екі адам қолмен түсіріп тұрды. Ол үшін ептілік, шеберлік сияқты қасиеттер керек еді. Минут сайын айналып тұрған үстелден салмағы бес килограмм 45 дана кірпіш түсіру қажет болды. Кірпіштерді бұзып алмай вагонша - ға салу керек. Түсірушілер кезекпен демалып отырды.

Бұл туралы 60 жылдары жұмыс істеген зауыт ардагерлері Захарченко И.И., Калинина Т.В., Волкова М.А.,Феденеева В.К., Щурова Е.М. айтып бере алады. Вагоншаларды жүргізу және оларды автоклавқа орналастыру сияқты жұмыстар қолмен жасалды. Әсіресе кірпішті автоклавқа салу өте ауыр болды. Автоклавтың қызуы +70 С болады. Содан кірпішті алаңға шығарып тізу керек еді. Қазандықтың жұмысының да көбіқол жұмысы болды. Төрт қазандық жылдамдату тәртібінде жұмыс істеді. Көмірді қазандыққа жеткізу, пешке салу, пештің күлін алу сияқты жұмыстардың бәрі қолмен жасалды. Қазандықта бір кезекте 5 адам жұмыс істеді.

Қарапайым ғимаратта зауыт басшылары,есеп бөлімі, жоспарлау бөлімі, медункт, телефон коммутаторы, диспетчер бөлімі, буфет орналасты. Зауыттың қарамағында өндірістік ғимарат, дайын өнімді сақтайтын қойма, автокран, теміржол тарабы болды.Қазіргі елеуіш бөлімнің орнында СМ-14 диірмені және ұсақтағыш тұрды. Төрт адам - нан тұратын бригада әктасты ұсақтағышқа күрекпен әперіп тұрды. Содан кейінәктас элеватормен бункерге, ары қарай диірменге түсті. Бірінші айларда әр кезекте тек 15-20 м3 силикат масса шығарып үлгерді. Тек 1959 жылдың қаңтар айында бір кезекте 66 м3 силикат масса дайындала басталды. Бұл өте жоғары көрсеткіш болып есептелді. Осыған орай зауыттың ұжымына арналған «Молния» шығарылды.

1959 жылы тәулігіне 15 тонна әктас шығаратын 5 күйдіргіш пештер орнатылды.Бұл пештердің де жұмыстары қолмен жасалды. Кесек-кесек әктастарды қол балғаменұсақтау керек еді.Күйдірілген әктас пештен қолмен алынды. Бір кезекте 8 адам, 1 жүргізуші жұмыс істеді.Осы ауыр жұмыста көп жылдар Абишев А., Минасипов М., Мұхамеджанов К., Колтышев А., Асаинов А., Рудометов А., Фатихов Ю., т.б. сияқты еңбекқор адамдар болды.

Дайын өнім қоймасындағы автокранға кірпіш тиелген вагоншаларды таятып, одан автокөлікке немесе теміржол вагондарына тиеген. Қазіргідей кірпіштер буылып тиелген жоқ. Кірпіштердің сапасы төмен, көбінесе 75-100 маркалы кірпіштер болды.

1961 жылы №1 кірпіш цехіне қосымша 3 автоклав, пресс бөліміне СМ-481 пресі орнатылады. Сол жылы зауыттың өндіру қуаты да артып, 60,3 млн. дана кірпіш шығарылады.

Зауыттың ең бірінші директоры болып Губский Петр Тимофеевич тағайындалды. Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілеттілігі өте жоғары болды. Сондықтан зауытта партия,комсомол,кәсіподақ ұйымдарының жүргізуімен жастар арасында тәрбие жұмыстары жүріп жатты. Партия ұйымының хатшысы - Одинцев Иван Иванович.Кәсіподақ ұйымының хатшысы - Свистунов Григорий Филиппович. Басты кезеңде зауыт алдына қойылған жоспарды әрқашан толығымен орындай алмады,өйткені еңбек өнімділігі төмен,өнім сапасы нашар болды.

Силикат кірпіш құрамында әктас негізгі компонент болып табылады. Әктас жақсы ұнтақталған болса,кірпіш сапасы да жоғары болдады. Бірақ жұмыс барысынды диірмен дұрыс істемесе,әктас кесектеліп кетеді. Сондықтан сапаса төмен өнім шығарылады. Сонымен қатар кірпіш күйдірушілердің біліктілігі де төмен болды.1962 жылы Губский П.Т. Целиноград қаласына силикат кірпіш зауытына директор болып тағайындалады.

Семей зауытына директор болып Семей цемент зауытында цех бастығы болған Кислуха Федор Федорович тағайындалды. Зауытқа үшінші СМ-436 диірмені, 2 механикалық әктас күйдіргіш пеш орнатылып, отын және әктас сақтайтын қойма салынады.

1964 жылы зауыт директоры болып Назаров Алексей Андреевич тағайындалады. Қазақстанның халық шаруашылығына өзерістер енгізіле басталды. Совнархоз жойылып, Главк деген жоғарғы басқармалар құрылды. Енді зауыт Өскемен қаласындағы «Восток-Стройдеталь» тресі қарамағына, ал 1967 жылы - Семей қаласында қайта құрылған «Семстройдеталь» тресі қарамағына берілді.Зауыттың еңбек, санитарлық жағдайларына байланысты санэпидемстанция, котлонадзорсияқты бақылау орындары бірнеше рет зауытты жабу туралы ұсыныс жасады.

1964 жылы қиындықтарға қарамастан дайын өнім қоймасына 2 кран іске қосылады.Бұл жұмысшылар үшін көп жеңілдік болды.Краншы мамандығын ең бірінші болыпДмитрюк А.А., Титова В., Фокина Т.М. деген жұмысшылар игерді.

1965 жылы өнімділігі тәулігіне 50 т әктас 2 механикалық күйдіргіш пеш орнатылды.1964-1965 жылдары зауытқа техникум, институт бітірген жас мамандар - ТрибушнаяГ.А., Наумова З.И., Назарова М.А., Кубрик П.Е., Костенко А.Н. келді. Олар тез арада білікті мамандар қатарын толтырып, өз істерінің шеберлері болды. Мысалы, Кубрик П.Е.бас технолог болып тағайындалды. Зауыт басқармасы жас мамандарды тәжірибелерін көтеру, біліктіктерін арттыру үшін Барнаул силикат зауытына, Өскемен титан-магний комбинатына оқуға жіберді.

1965 жылы Назаров А.А. денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Зауытқа төртінші директор болып Өскемен кірпіш зауытының цех бастығы Еремин Б. Г. тағайындалады. Тәжірибесі мол Еремин Б.Г. қызметіне тез-ақ кірісті.Зауытқа білімді жастар тартылып,цех басшыларының біліктіліктеріне,еңбек жағдайынжақсартуға,жұмысшылардың мәдени өміріне көңіл бөліне басталды.

Жас бастықтар, инженер-техникалық қызметкерлер және зауыттың барлық жұмыскерлеріүшін төмендегі заңдылықтар міндетті болды:- адал, ұйымшыл еңбек ету, материалдық құндылықтарға сақтықпен қарау;- жаңа техниканы игеру, алдыңғы тәжірибелерді әрқашан қабылдау;- біліктіліктерін үнемі арттырып отыру, өз мамандығынан басқа қосалқы мамандық игеру;- өндіріс және санитарлық мәдениетті көтеру;- бір күндік тіршілікпен ғана өмір сүрмей,келешекке зор үмітпен қарау;- жоспар орындау - басты міндет, ал оны асыра орындау - әр жұмыскердің абыройы.

10 жылдан артық уақыт кірпіш күйдіру уақытша шахта пештерде жасалды. Механикалық пештер іске қосылғаннан кейін еңбек өнімділігі артты, өнім сапасы жақсарды. Бұл пештердің жұмыс тәртібінің технологиясын арттыру Рудометов А.А., Маслов В.В., Симаков Н.И., Копенко Н.И., Багулин В., Шпилев В. сияқты жұмыс - шыларға жүктелді. Жұмыскерлердің экономикалық, техникалық деңгейлерінкөтеру үшін зауыт басқармасы экономикалық білім мектебін, өндірістік оқу топтарын ұйымдастырды.Кірпіш цехіндегі жұмыс автоматтандырылғаннан кейін еңбек жағдайы да жақсарды. Үш адамның атқаратын міндетін енді бір-ақ адам істейтін болды.

Автомат жүйесін бірінші болып игерген Бенц П., Приходько Н.Л., Толмачев А.А., Топтыгин А., Тусуппаев Ж., Семенов И.И. болды. Кірпішті термоылғалдандыраөңдеу де автоматтандырылды. «Астра» автомат жүйесі шикізатты, буды үнемдеуге ат салды. Осылардың бәрі кірпіш сапасының артуына ықпал болды. Сонымен қатар негізгі жабдықты жөндеу деңгейін көтеру қажеттілігі туды. Әр пресс пен диірмен үстіне монорельстер орнатылып, масса дайындау бөліміне жүк щығырлары орнатылды. Нәтижесінде әр престі жөндеу жұмыстары 5-7 күнге қысқарды. Мұнда белсенділік көрсеткендер Никитин Ю., Бордунов В.,Гендриксон А.С., Терехов В., Афанасьев А., Попов Н.А. болды. Еңбек жағдайы жақсарғаннан кейін еңбек өнімділігі ,кірпіш сапасы артып,тоғызыншы бес - жылдықта жылына 70 млн. дана кірпіш шығарылды.

Ертістің сол жағалауында цемент-шифер комбинаты, №1 темірбетон комбинаты, арматура зауыты, қағаз комбинаты, ет комбинаты, ал оң жағалауында аяқ киім фабрикасы, комбайн зауыты, газ аппаратурасы зауыты салына басталды. Осыған орай тұрғын үй, аурухана,емхана,мәдениет үйі сияқты құрылыстар қажеттілігі туды. Әрине, силикат кірпіш зауытын кеңейту туралы мәселе өзекті болды.Қазақстан Республикасының Үкіметі қуаттылығы жылына 100 млн. кірпіш силикат кірпіш зауыты туралы шешім қабылдады.Қайта қүрылған зауыттың құрамына өндірістік ғимарат, масса дайындайтын бөлім, 7 автомат пресс-қалаушы орнатылған пресс бөлімі, 11 автоклавы бар автоклав бөлімі, әктас ұнтақтаушы бөлім және екі СМ-1456 диірмені, әктас сақтайтын қойма, құм қабылдайтын бөлім, дайын өнім қоймасы, отынсақтайтын бөлім кірді. Теміржол тараптары кеңейтілді. Үш ДКВР10/13 қазандығы орнатылған жаңа қазандық, компрессорлық және канализациялық насос станция - лары салынды.

1969-1972 жылдары зауыт мамандары зауыт жобасы бойынша жекеленген кемшіліктер мен қателіктерді жою туралы ұсыныс жасады. Бірақ Стройпроект ҒЗИ бұл ұсыныстарды қабылдамады.

1972 жылғы 30 қыркүйекте қуаттылығы жылына 75 млн. кірпіш шығаратынзауыттың іске қосылуы туралы мемлекеттік актісіне қол қойылды.

Оған төмендегі шаралар енгізілді: - әктас  күйдіретін пеш салу;- екі диірмені бар елеуіш бөлім;- силостың астынан масса алынатын жүйені қайта құру;- компрессор бөлімін кеңейту;- жөндеу-механика цехін салу;- тұрмыс корпусын салу;- басқа шаралар.

Осы шараларды іске асыру үшін Промстройматериал Министрлігі қаражат бөледі.1976 жылы бесінші әктас күйдіргіш пеш, үшінші шар диірмені, жөндеу-механика цехі, тұрмыс корпусы іске қосылады.

Қалған ескертулер мен кемшіліктерді түзетуге зауыт өз қаражатын бөлді. №2 кірпіш цехін, жаңа қазандықты іске қосарда зауыт басшылары көп қиындықты басынан өткізді. Жобалауда жасалған қателіктер, білікті мамандардың жетіспеушілігі,жабдықтардың жиі сынуы, кадрлардың жиі ауысуы-осының бәрі зауыттың жұмысына кедергі жасады.

Ең ауыр учаскелерде басшылық жасаған адамдар:цех бастығы Бугаев В.А., №2 механика цехі бастықтары Балабанов В.П., Худолей И.А. Наку Е.П., Ланг В.Б., Супрун Г.И., Калистратов В.М., Горбушин В.Н. сияқтышеберлер зауыт ұжымының басын қосып, бірлікпен, ынтымақпен жұмыс істеу үшін аянбады.Кірпіш өндіру қарқыны жыл сайын артып отырды.

1970 жылы 64,6 млн. дана кірпіш шығарылса, 1975 жылы 145 млн. кірпіш өндірілді. Сөйтіп, Семей силикат кірпіш зауыты Қазақстан құрылыс индустриясында алдыңғы орындардың біріне ие болды.

1974-1975 жылдары түсті силикат кірпіш шығару қолға алынды. Бұл кірпішпен «Центральная» қонақ үйі, әуежай, Технология университеті, стомотология емханасы және басқа ғимараттардың сыртын қаптады.

 

 

Осы жылдары зауытта теледидар жүйесі, радио жүйесі іске қосылады, диспетчерлік қызмет кеңейіп, кезек басшылары болып, тәжірибелі мамандар тағайындалады. Кезек басшылары кез-келген мәселе бойынша жедел шешім қабылдауға міндетті. Теледидар жүйесі бойынша кезек басшысы цехта болып жатқан барлық жағдайды бақылап отырады.

Зауыт басқармасының цехтік құрылымы анықталды:- негізгі цех - №1 және 2 әктас цехі, көлік-шикізат цехі, бу цехі;- қосалқы цех – жүк арту және жүк түсіру цехі, жөндеу-механика цехі, жөндеу-құрылыс цехі, КИПиА және электроцех, тұрмыс корпусы.

Техникалық үдеріс – кәсіпорынның сара жолы

Осыдан бастап зауыт Алматы Стройпроект ҒЗИ, Москва ВНИИСТРОМ, ВНИЭСМ, Гипростром, Таллин, Силикатбетон ҒЗИ, Краснодар НИПИОТСРОМ, Минск ҚМҒЗИ, Өскемен Түсті металдар ҒЗИ және т.б. сияқты мекемелермен тығыз жұмыс істей бастады. 1960-1980 жылдар аралығында зауыт 400 рационализаторлық жаңалық тапты. Әсіресе 9 және 11 бесжылдықта зауытта рационализаторлар қатары артты. Тек қана 11 бесжылдықта 178 рационализаторлық ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныстар нәтижесінде 241000 рубль үнемделді.

Мысик Г.Г, Дмитриенко А.А, Немцова В.М, Гендриксон А.С, Капкова Я.А, Афанасьва А.А сияқты рационализаторларды ерекше атап кету керек. 1981-1982 жылдарда 10 қол автоклавын толық Польша мемлекетінде өндірілген гидравликалық автоклавтарға ауыстырылды.осылай автоклавшылардың жұмысы механикаландырылды.

№1 кірпіш бөлімі 1985 жылы қайта құрудан өтті. Енді силикат кірпіштің сапасы артып,мөлшері артты. Краснодар политехникалық институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарынпайдалана отырып, зауыттың конструкторлар тобы жылына 10 мың м2 қаптауға арналған декоративтік плитка шығаруды жоспарға енгізді. №4-6 пештердегі пластина конвеерлерауыстырылды, СМ-126 және СМС-246 сместительдері СМС-95 смесительдеріне ауыстырылды.Қазандық бөліміндегі көмір ұсататын жабдық жаңартылды. «Дорстнер»пресінің жұмысы жандандырылды. №2 цех алаңында вагоншалар жөндейтін ғимаратсалынды. №1 цех алаңындағы СМ-436 диірмені СМ-1456 диірменіне ауыстырылды.Дайын өнімдер алаңында рационализатор Мысик Г. жаңалық енгізіп, жұмысшылардыңеңбегі жеңілденді. Сапа категориясы бойынша өнім аттестациясы өткізілді.11 бесжылдықта 10.71 млн. дана қызғылт кірпіш шығарылды. 2003 жылдан бастап Ж-1 Ярославль теміртотығы негізінде сары кірпіш өндіріле басталды.

1985 жылы зауыт 11 бесжылдықты 17 желтоқсанда аяқтады. Тек 1985 жылы 172 млн. дана силикат кірпіш,2.33 млн. түрлі-түсті кірпіш, 93 мың тонна әктас, 8.0 тонна құрылыс әктасы өндірілді.Кірпіштің маркасы 144.8 кг.\см2 жетті.

 

Зауыттың партия, кәсіподақ ұйымдарының қажырлы жұмысы негізінде бір бесжылдықтаүнемделген көрсеткіштер: - қазандық отыны – 1889 т.;- электроэнергия - 993 мың квт сағатына;- жылу энергиясы-8433 гкал.;- құм - 24000 м3;- әктас - 460 тон.;- ұсақтағыш зат - 192 тн.

Бугаев В.А. басқарған бу цехі ұжымы пайдаланылған бумен силикат поселкісіндегі тұрғын үйлерді, маңайдағы оқу орындарын, зауыт ғимараттарын жылытуға және оларды ыстық сумен қамтамасыз етуге ұсыныс жасап, 50 мың рубль қаражат үнемдеді. Олардың бұл тәжірибелерін Қазақ ССР промстройматериал Министрлігі басқа кәсіпорындардың пайдалануына ұсыныс жасады.

Адианов Б.Т., Сервидович В.П., Черненко В.Т., Романов А.Я., Бугаев В.А., Дмитриенко А.А., Штрайхерт А.Г., Никитин В.Е., Толмачев А., Куликов Б.К., Сорвачев М.Н., Немцов В.М., Гендриксон А.С., Гребнев И.И. сияқты техникалық шығармашылықпен жұмыс істейтін зауыт белсенділері кәсіпорынның дамуына өз үлестерін қосты. Жыл соңында ҒТҚ Кеңесі шығармашылығымен ерекше көзге түскен жұмыскерлерді марапаттады.Зауыт жұмысшылары жыл сайын аттестациядан өтіп отырды. Бұл тәжірибені зауыт басшылары  Ворошилов К.Е. атындағы Днепропетровск комбайн зауыты және Калинин құрылыс материалдар  комбинатынан үйренді. Аттестациялық комиссия әр жұмыс орнын аттестациялап,оларға паспорт берді. Аттестациядан өте алмаған жұмыс орындармен зауыт басшылығы,партия,кәсіподақ ұйымы жұмыс жүргізді. Ланг В.Б.,Козинцев В.Н., Ботова Г.И. шеберлер бригадалық жұмысты ұйымдастырды. Жұмысшылардың 80% осы бригадалық әдісті қолдады. Осының нәтижесінде еңбек тәртібін бұзушылар жойылды. Бұл жаңалығы үшін Министрік  В.Б. Лангқа  арнап плакат шығарды.

11 бесжылдықта 2.7 млн. дана кірпіш жоспардан тыс шығарылды. Бригадалық әдіспен жұмыс істеген ұжымдарда өндіріс озаттары қатарлары көбейіп,олардың іс-тәжірибесі таратылды. №2 кірпіш цехінің престеуші-операторы, 3 дәрежелі Еңбек Даңқы Орденінің иегері, Дуванов атындағы Кеңес кәсіподақтары сыйлығының лауреаты, О.И. Беруктың іс - тәжірибесі «Строительная газетада» таратылды. 11 бесжылдықта Берук он жылдық норманы орындап тастады. Беруктың ізбасарлары да болды. Олар - Казанова Р., Толмачева Н.П., Дровалева П.Д., Аксенова Г.В.

Беруктың тәжірибесін Қазақстанның басқа өндірістеріне тарату ұсынылды.

Өндіріс тиімділігіне арналған курс

Тоғызыншы бесжылдықтан бастап өндіріс тұрақты дами бастады. Партияның XXIVсъезі қарсаңында зауыт ұжымы «Аз шығынмен сапалы өнімді артығымен береміз»-ұранын қабылдады. Зауыт күннен - күнге өнім көлемін арттырып, еңбек өнімділігін көтерді. Зауытта шаруашылық есеп комиссиясы құрылды. Бұл комиссия зауыттағы өндірістік-шаруашылық қызмет мәселерін қарастырды. Бұл мәселелерді шешу зауыт экономикасын дамытуға жол ашты.

Дәл сол кезде өте қажет зауыттың өндірістік кеңесі құрылды. Бұл кеңестің мақсаты-жұмысшыларды, инженер-техникалық жұмыскерлерді, зауыт қызметкерлерін өндіріс басқармасына тарту. Кеңес отырыстарында еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндіріс мәдениеті, өнім сапасы, социалистік жарыс, өндіріс механизациясы және автоматизациясы, т.б. сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Осындай шаралардың ұйымдастырылуымен зауыт тоғызыншы бесжылдықтың бірінші жылы өнім шығару жоспарын 106.2%, ал силикат кірпіш шығаруды 104.4% орындады. Бесжылдықтың соңғы жылында өнім сату көлемі 4815 мың рубль болды, ал 1971 жылы екі жарым есе артты. Кірпіш шығару бес жылда 2.5 есе артып, 1449 мың данаға жетті. Қазақстан бойынша 547.6 млн. дана кірпіш таратылды. Бұл жоспардан 16.1 млн. артық еді. Еңбек өнімділігі жоспары 4.4% артты. Жұмыс сапасы көрсеткіші артқанына өнімнің өзіндік құнының өсуі дәлел. Зауыт кірісі жылдан-жылға жүйелі артып отырды.1971 жылы жоспардан тыс 51 мың рубль, 1975 жылы 143 мың рубль кіріс алынды. Бесжылдықта барлық кіріс 2741 мың рубль болды. XXV съезде сөйлеген сөзінде Л.И.Брежнев: «Тиімділік-біздің экономикамыздың маңызды бөлігі» - деді. Бұл сөзді зауыт жұмыскерлері қабылдап, бесжылдықты тиімді аяқтауға шешім қабылдады.

1976 жылы өнім сату көлемі жоғары деңгейге көтерілді.

Екі жыл аралығында 303.7 млн. кірпіш шығарылды. Бұл тапсырмадан 5.4 млн. артық. Еңбек белсенділігін арттырудың ең бірінші шешімі-социалистік жарыс. Жұмысшыларды тәрбиелеуде еңбек бәсекелестігі көп ықпалын тигізді.

1967 жылдан бастап зауыт ұжымы Республикалық және Бүкілодақтық социалистік жарыстарға қатысады. Тоғызыншы бесжылдықта зауыт 20 рет жүлделік орынға ие болды. 1974-1975 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК, Министрлер Кеңесі, кәсіподақ ұйымы Қызыл Туымен марапатталды. ВДНХ құрмет тақтасына және Қазақ КСР «Құрмет кітабына» енгізілді.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына қарсы және компартия XXV съезіне қарсы Семей «Большевичка» тігін комбинаты және Семей құрылыс материалдар зауыты ұжымы «Екпінді еңбек апталығын» бастады. Бұл бастаманы қаланың басқа кәсіпорындары да қолдады. Жоғары көрсеткіштері үшін зауыттың 117 жұмысшысы «Социалистік жарыстың жеңіскері» деген белгімен, 49 жұмыскері «Тоғызыншы бесжылдықтың Екпіні» деген белгімен марапатталды.

Зауыт директоры Борис Георгиевич Еремин 1976 жылы «За трудовую доблесть» медалімен, 1977 жылы «Знак почета» орденімен, 1986 жылы «Трудовое Красное Знамя» орденімен марапатталды.1975 жылы зауытқа «Коммунистік Еңбек ұжымы » атағы, ал 1982 жылы зауытқа «60-летие образования СССР» атауы берілді.

Зауыттың 300 жұмысшысы 2 жылдың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады. Олар: Любовь Алексеевна Щеглова, Вера Клементьевна Феденева, Людмила Ивановна Семенова, Надежда Павловна Солдатова, Ольга Андреевна Сурчакова, Мария Егоровна Путинцева, Владимр Богданович Ланг, Р.С. Зяблова, М. Хилькевич, Г.Г. Кретинина, В.К. Мельников, Н.И. Хазов және т.б. Бұл жұмысшылар 3 жылдық  жоспарларын Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдығына қарсы мерзімінен бұрын орындады.  

Социалистік жарыстардың формалары да әр түрлі және нақты бола бастады. Мысалы, жарыстар қорытындысы ай сайын цех арасында немесе кезек арасында декада, мамандықтар бойынша белгілі болып отырды. Зауыттың партия ұйымы және кәсіподақ комитеті жарыс қорытындысын жариялап отырды. Ол үшін зауыт ішінде көрсеткіштер тақтасы және қабырға газеті, ақпарат беттері, «Сигнал» радиогазеті ұйымдастырылды.

Жарыстар қорытындысы бойынша марапаттау формалары және әдістері жетілді. Бірінші орын алған коллективке зауыттың Қызыл туы, вымпелдер, құрмет грамоталары, ақшалай сыйақы , бағалы заттар берілетін болды. Марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Ең озат жұмыскерлердің суреттері цех және зауыттың құрмет тақталарына ілінді. 600 адамнан артық жұмысшы Коммунистік Еңбек Ерені аталды. Әр квартал сайын «Ең жақсы маман» атағы беріліп отырды. Ең бірінші болып бұл атаққа Р.С.Зяблов, Т.В.Погодин, З.В.Трусов, В.Е.Никитин, В.М. Немцов ие болды.

Өндірістің жоғарғы мәдениетіне

 Бірінші он жылдықта зауытта 230-240 адам қол жұмыс істеді. Оның ішінде 90 әйел бір кезекте 30 тонна кірпіш көтерген күндері болды. 330-340 адам немесе 90% ылғал, шаң, газданған бөлмелерде арнайы киімсіз аяқ киімсіз жағдайда еңбек етті. Кейбір цехтерде желдеткіштер де болмады, тек 1965 жылы пресс және автоклав бөлімдеріне вентиляция жүйесі орнатылды. Осындай жағдайлар кадр тапшылығын туындады. Жұмысшылар жиі ауысып отырды. Ұжымның жиі жаңаруы жұмыс барысына ықпалын тигізді. Ауру-сырқау, жарақат алу сияқты оқиғалар жұмысшылар арасында жиі кездесті.

Зауыттың техникалық жағдайының жақсаруы еңбек тиімділігін арттырды.

1969 жылдан бастап өндіріс мәдениеті бойынша цех аралық жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде әр кезек өз жұмыс орнын, жабдықтарын таза, ұқыпты ұстауға шешім қабылдады. Жұмыс орнында санитарлық сағаттар өткізілді. Осының бәрі еңбек жағдайының жақсаруына,ауру-сырқаудың азаюына,еңбек мәдениетінің артуына ықпал етті. Еңбек мәдениетін арттыру үшін өткізілген шаралар қала бойынша таратылып,басқа кәсіпорындар ұжымынан қолдау көрілді.

Семей қалалық Коммунистік комитеті зауыт негізінде «Жұмысшы денсаулығы-әр басшының маңызды міндеті,еңбек өнімділігінің маңызды кепілі» атты қалалық семинар өткізді. Құрылыс материалдар Министрлігі және Республикалық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған «Еңбекті қорғау бойынша ең озат кәсіпорын» атты жарыста зауыт ұжымы белсенділік көрсетті.

Оныншы бесжылдықтың үшінші жылы зауытта «Тәртіп, тазалық, сұлулық» атты жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс жастарды өз ісі үшін,зауыт мүддесі үшін жанашыр болуға тәрбиеледі. Жарысқа барлық цехтер,бөлімдер, зауыт басқармасы, кезектер, бригадалар қатысты. Жарыс барысында шаралар жұмысшылардың өз күшімен, яғни, сырттан көмексіз атқарылды. Вентиляция, аспирация жүйелері жаңартылды,қол жұмыс механизацияланды,жұмыс орындары көркейтілді,өндіріс және тұрмыс ғимараттары жөнделді,ғимараттар сырты әктеліп, боялды, зауыт территориясы жөнделді. Осы жұмыстардың барлығы зауыт жұмыскерлерінің күшімен іске асты.Еңбек мәдениетін көтеру үшін жасалған шаралар нәтижесінде 70 әйел адам ауыр қол жұмысынан босатылды. Барлық автоклавтар дабылды - блок қақпақтармен, температураны және қысымды бақылау, реттеу приборларымен жабдықталды.

Техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Госгортехнадзор мекемесі бекітілген кестеге сай дефектоскопиялық бақылау және автоклавтарды, автокрандарды диагностикалау жұмысын жүргізді.

Қауіпсіздік шараларына бас инженердің орынбасары Ю.И. Щетинин және аға инженер В.В. Мариенко жауапты болды. Қазір бұл қызметті В.В. Мариенко мырза басқарады.

Өткен жылдары қол жұмыстарын қысқартуға арналған 300 шара өткізілді. Еңбек жағдайын жақсартуға арналған жұмыстар арқасында шаң, газданған цехтер мүлде жоқ.

Вентиляция жүйесіне және жабдықтардың герметизациялануына байланысты жұмысшылар ауасы таза цехтерде жұмыс істейді.

Ауру-сырқаумен жұмыс босату жайлары едәуір қысқарды. Зауыт территориясы әр цехке,бөлімге бөліп берілді. Олар өз жерінің тазалығы, әдемілігі үшін жауап берді.

Зауыт териториясы да, жұмыс орындары да шамдармен жабдықталды.Барлық жұмысшылар және қызметкерлер сәнді жұмыс киімімен қамтамасыз етілді. Зауыт ұжымы Облыстық партия комитеті және Облыстық атқару комитеті, Құрылыс Материалдар Министрлігі дипломдарымен, Қызыл тумен марапатталды.

 

Бүгінгі күні зауыт алаңы 2.5 га көгалдандырылған. 1.5 км зауыт маңы жолы асфальтталған. 2007 жылы Шығыс Қазақстан бойынша еңбек, қаіпсіздік, еңбекті қорғау заңын орындау жарысы нәтижесінде «Силикат» ЖШС I орынға ие болды.

 

Әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени даму

Жаңа техника енгізілуімен бірге әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер де шешілді.

1976 жылы зауыт тұрмыстық корпус салды. Бұл корпус бес қабатты, жан-жағына ағаштар, гүлдер отырғызылған. Жаз бойы зауыт территориясы гүлзарлардағы гүлдермен құлпырып тұрады. Тұрмыстық корпус ұжымын Н.А. Лемякина басқарады.

Бірінші қабатта денсаулық цехі орналасқан. Барлық бөлмелер кең, жарық, таза.

Физиотерапевтік кабинет УВЧ, ультрафиолет шамымен, ингаляторлармен жабдықталған. Процедура кабинеті, терапевт - дәрігердің кабинеті бар. Ем алғаннан кейін демалыс бөлмесінде демалып, теледидар көруге болады.

 

 

Сондықтан зауыт жұмысшылары арасында кәсіби аурулар жоқ. Зауыт қызметкерлерін келісім - шарт бойынша теміржол ауруханасы емдейді. С.З. Макарова жыл сайын дәрігер мамандарды зауытқа шақырып, жұмысшыларды медициналық қараудан өткізеді.

 

 

Спорт залында аурудың алдын алу мақсатымен лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар өткізіледі.

 

 

 

100 орындық асхана және дүкен зауыт территоричсындағы орналасқан. Мереке күндері аспаздық көрмелер ұйымдастырылады. 9 мамыр мерекесінде кәсіпорын озаттары, соғыс және еңбек ардагерлері салтанатты жиынға шақырылып, сыйлықтармен марапатталады. Зиянды еңбекпен айналысатын жұмысшыларға тегін сүт беріледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін цехтерде дәмхана бар. Зауытта 250 орындық, мәжіліс залы бар. Зауыттың көркем өнерпаздар ұжымы, ән-би тобы бар.

Соңғы бесжылдықтарда 30 мың квадрат метр тұрғын үй салынды. «Тұрғын үй-91» мемлекеттік бағдарламасына сай әр жұмысшы, әр отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Зауыт жұмысшыларының балалары толықтай балабақшамен қамтамасыз етілді. 260 орындық балалар комбинаты ашылды.

Зауыт жұмысшылары және олардың отбасы демалысы үшін қала сыртынан қарағайлы орман ішінде, Ертіс өзенінің жағалауында 220 орындық демалыс орны ашылды. Бұл екі қабатты ғимаратта асхана,бассейн,ойын алаңы бар. Қыс мезгілінде жұмысшылар мұнда шаңғы тебуге келеді. Жазғы уақытта зауыттың кәсіподақ комитеті жұмысшыларға Алакөл, Голубой залив, Бурабай сияқты демалыс орындарына жолдама береді. 1980 жылы өз қосалқы шаруашылығын ашты. Бұл шаруашылықта зауыт асханасы үшін шошқа өсірді. Сөйтіп, әр жұмысшы жыл сайын осы шаруашылықтан 30 кг ет алып отырды.

Зауыт жұмысшылары сауықтыру шараларына да қатысты. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, теннис, ауыр атлетика, шаңғы, коньки, т.б. спорт түрлеріне спартакиадалар өткізіледі. Бұл жұмыстарға мұрындық болып отырған адамдар Б.Н. Шушеньков, А. Майснер, Д. Жакашев.

1976 жылы зауыт директоры бастаған экономикалық кеңес ашылды. Бұл кеңес құрамына партбюро хатшысы, бас механик, жоспарлау бөлімінің бастығы, т.б кірді. Бұл кеңестің мақсаты – оқу - әдістемелік және ақпараттық материалдар дайындау, цех, кезектердің экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін көмек көрсету. Цех, бөлім бастықтары жылына бір рет Кеңес алдында есеп беріп отырды. Мысалы, бу цехінде «Жұмыс орнынан бастап өнім шығарғанға дейін - жақсы сапа» атты сабақ өткізілді. Үгітші Л.Ф. Адианова өз сөзінде зауыт жұмысының өндіріс көрсеткіштерімен тығыз байланыстылығын айтты. Тыңдаушылар сабақта белсенділік көрсетті. Су, бу, отын шығынын есептеп, оларды қалай үнемдеу керек екені туралы ойларын айтты. №1 цех операторы Л.И. Семенов, №2 цех жұмысшысы А.Б. Флоров, әктас күйдіруші Н.И Симаков, ұста В. Конобевский сияқты озат жұмысшылардың тәжірибелері туралы плакаттар шығарылды. Ал Я.А. Капков, А.А. Дмитриенко сияқты белсенді рационализаторлардың іс-тәжірибелері туралы «Ертіс» гәзетіне мақала шықты.Зауытта болып жатқан ғылыми-техникалық прогресс еңбек қарқынына түбегейлі әсерін тигізді. Қазіргі таңда білікті жұмысшы күрделі техникалық жабдықтың тілін біледі.

1967 жылы зауытта 500 адам жұмыс істеді. Олардың 36-сы инженер-техникалық қызметкер болды. 36 маманның 24-інде арнайы орта білім, тек 5-еуінде ғана жоғарғы білім болды. Он жылдан кейін инженер және техниктердың саны 60 адамға жетті. В.П. Сервидович, В.Т. Черненко, А.Б. Бугаев, А.М. Грязнов, Е.Г. Семенов, Д.Б. Шушеньков сияқты жұмысшылар өндірістен қол үзбей жоғарғы оқу орнын бітірді. Инженер-техникалық қызметкерлер Ресей және Қазақстанның алдыңғы қатарлы қалаларына барып біліктіліктерін арнайы курстарда көтеріп отырды. Ал О.И. Горбунова, Г.И. Ботова, Н.А. Наумова сияқты қызметкерлерге зауыт қаражат бөліп, олардың жоғарғы оқу орнын бітіруіне көмектесті. Қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде М. Власенко, инженер Р.М. Махмутов, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде механик С.Гуц, Павлодар Еуразия техникалық университетінде слесарь И.Ф. Мальцев білім алады.

Зауыттан көптеген басшы кадрлар шықты. Бірнеше талапты басшыларды тәрбиеледі. Мысалы, Семей облысы Курчатов қаласы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.М. Сафронов, Семей қаласы аудандық атқару комитетінің төрағасы В.В. Малинин, облыстық партия комитетінің бөлім бастығы А.И. Березин, Лениногорск, Семей кірпіш зауыттарының директоры А.И. Польской және т.б.

23 жылдан артық заыутты басқарған Қазақ КСР құрметті құрылысшысы Б.Г. Еремин көптеген өндіріс басшыларын тәрбиеледі. Мысалы, «Силикат ЖШС» қазіргі бас директоры Б.Т. Адианов, комерциялық директоры Г.И. Стариков, техникалық директоры Б.Н. Шушеньков.

 

Зауыттың белсенді жұмысшылары: Б.Ф. Плотников, В.П. Сервидович, И.И. Захарченко, А.И. Польской, В.А. Гасс, А.А. Дмитрюк, Л.А. Подопригора, И.Д. Синицына, В.Н. Пахотина, Ж. Макашев, З.П. Силкина, Г.Н. Жукова, Р.С. Зяблова, ЛюИ. Харитоненко, А.А. Гасс, И.И. Гребнев, К.К. Смагулов, В.Т Черненко, П.А. Юдин, И.И Селютин. А.В. Маслов, М.А. Махмутов, С. Кандабаров, Г.Г Кретинина, Боровиков, С.Д. Суховеркова, А.Б. Акаева, А. Нетишинский, В. Демидов, В. Гуссер, О.И. Горбунова, Г.В. Горбунов, В.А. Феденев, Е. Исатаев, Г.И. Семенов, В.В Южаков, Г.И. Ботова, Д. Смаилов, Е.П. Наку, М.Н. Зяблова, В.П. Бучин, И.Н. Сагайдачный, В.П. Степанов, Г.В Матвеев, Н.П. Гасперт, В.П. Митрофанов, Д. Емельянов, В. Конобевский, В. Лидберг, Н.Н. Копыльченко, В. Кузнецов және т.б. Зауыт ұжымы еңбек дәстүрлерімен және еңбек династиясымен бай.

1989 жылы Сербин Г.И. қабырға материалдары өндіріс бірлестігінің бас директоры болып сайланады. Сол жылы Г.И. Сербин кірпіш зауытын «Созидатель» құрылыс коперативі құрамына беру туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты облыстық комитет және облыстық атқару комитеті басшылары қолдайды. Кеңес одағының құруына байланысты мемлекеттік тапсырыстар жойылып, экономикалық реформа өндірістің барлық деңгейлерін қамтиды. Барлық жерде құрылыс тоқтайды. Әрине, осы кезде зауыт өнімді аз шығаруға мәжбүр болды. Ал 1994 жылы зауыт жабылды, яғни, жылына 100 млн. кірпіш шығаратын өндіріс тоқтап қалды.

1993 жылы 22 ақпанда жекешелендіруге байланысты «Силикат» акционерлік қоғамы тіркелді. Президенті болып Борис Тимофеевич Адианов сайланды. Енді кәсіпорын тәуелсіз болды, бірақ көп қиыншықтарға барып тірелді. Айналымдағы қаражаттың тапшылығы, инфляция, тұтынушылардың төлеу қабілетсіздігі, жоғары % несие, фискалды салық жүйесі-осы жағдайлардың бәрі өндіріс барысына ықпалын тигізді. Бүкіл Қазақстан бойынша өндіріс қарқыны түсіп қалды. Біздің өнімге деген сұраныс түсіп қалды. 1993 жылы 188.3 млн кірпіш өндірілсе, 1995 жылы бұл сан 35.9 млн болды. Жалпы экономикалық дағдарысқа, қаладағы ірі кәсіпорындардың тоқтағанына қарамастан «Силикат» АҚ өз жұмысын тоқтатпады. Қалай да болмасын тіршілік жасау екенін зауыт басқармасы, жұмысшылары да түсінді. Сондықтан өз күштеріне ғана сеніп, тіршілік көздерін іздей бастады. Өнімнің бағасы,оны сату, бартер,есептесу әдістерінің тиімді жағын іздестірді. Кезінде әктас күйдіретін пештерге Ресейден алып тұрған Кузбасс көмірі қоры таусылып, жергілікті Майқұба, Қаражыра, Екібастұз көмірлерін қолдана бастады. Отандық көмір сапасы, әрине, төмен болды. Олардың атмосфераға шығаратын зиянды заттары аймағымыздың экологиясына жаман әсерін тигізді.

1991-1993 жылдарғы жоспарға сәйкес Суық бұлақта әктас зауыты құрылысы басталуы керек еді. Жоспарланған бұл зауыт экологиялық таза болуы керек.Атмосфераға шығарылған нормадан артық зиянды заттар үшін миллиондаған айыппұл төленді.

Сондықтан №4,5,6 пештерге шаң-газ тазартушы құрал орнатылды,ал № 1,2,3 пештердің тазартушы құралы жаңартылды. Енді цех ұжымы, бас мамандар әктасты күйдірудің тиімді технологиялық әдісін іздей бастады.2005 жылы келісім-шартқа сай Кемерово қаласы «Кокс» АОҚ металлургия коксын жіберіп отырды. Әктас күйдіргіш пештер толығымен коксқа көшті.Сөйтіп, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшері азайды,әктас сапасы жоғарлады.

Акционерлік Қоғам басқармасы қарамағындағы тұрғын үйлерді қала балансына бермек шешімін қабылдады. 1993 жылдың 1 наурызында «Силикат» АҚ балансында 36098 м2 тұрғын үй, балабақша, пионер лагері, жанұялық жатақхана болды.

Сол кезеңдегі өндірістен тыс шығындар:- тұрғын үйге-43 млн рубль- балабақшаға-8 млн рубль- «Экология» бағдарламасына - 23 млн рубль

1996 жылы «Силикат» АҚ «Силикат» ААҚ болып қайта құрылды. Сол жылы «Силикат» ААҚ Астана қаласы құрлысы үшін құрылыс материалдарын жеткізуге тентер ұтып алды. Қазақстанның басқа қалаларына да кірпіш жеткізіле басталды.

Қазақстанның басқа өндірістерімен салыстырғанда «Силикат» ААҚ кірпіш пен әктасқа ең төмен баға қойды. Зауыт басқармасы өнімнің өзіндік құнын және өнім сапасын бақылауға алып отырды.

1999 жылы «Силикат» ААҚ өнім сапасы үшін Халықаралық Платина жұлдызы берілді. Зауыт ұжымы үнемі Республикалық, облыстық көрмелерге қатысып, әртүрлі Дипломдармен марапатталды.«Қазақстанның ең үздік тауарлары» атты көрмеге қатысып, Семей қаласы әкімінің Дипломымен марапатталды. 2002-2004 жылдары Астана қаласында Промстройиндустрия ұйымдастырған III және V Қазақстан Халықаралық көрмесіне қатысып, «Силикат» АҚ өнім сапасы үшін Дипломмен марапатталды.

2003 жылы «Силикат» АҚ «Силикат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.

2006 жылы «Силикат» ЖШС Астана қаласында Промстройиндустрия ұйымдастырған VIIҚазақстан Халықаралық көрмесіне қатысып,өнімінің жоғары сапасы және прогрессті технология енгізгені үшін Дипломмен марапатталды. Бұл жетістіктер Қазақстан аумағында «Силикат» ЖШС бәсекелестікке төтеп бере алатынына дәлел.

2005 жылы «LASKO» Германия фирмасының КSE-400 гидравликалық пресі орнатылды. Енді кірпіштер сапасы одан да жоғарлады.

2006 жылы «LASKO» фирмасының KSP-801 гидравликалық пресі орнатылды.Бұл жабдықты ең алғашқы игергендердің бірі инженерлер А.В. Ботов, А.Ю. Попов, операторлар И.В. Колпакова, С.Г. Ковязина, слесарь А.Н. Сабанцев болды.

1999 жылдан бастап түсті кірпіш өндіру қолға алынды. 2004-2007 жылдары автоклав бөлімінде қосымша гидравликалық ашылатын қақпағы бар төрт автоклав орнатылды.

 

 

Жүк машиналар паркі де кеңейіп, өсе бастады.

 

 

 

 

Жабық вагондардан жүк түсіруші вильчатый погрузчик, 10.0 тонна жүк көтере алатын мостовой грейферный кран, 32 тонна жүк көтере алатын автокран сатып алынды. Автопаркке автосамосвал алынды. Жылу пункіне қазіргі заманғы жылу алмастырғыштар орнатылды.

Жыл сайын жасалып отырылған әртүрлі техникалық шаралар арқасында қол жұмысы қысқарып,еңбек жағдайы және еңбек мәдениеті көтерілді. Кірпішті автоклавта ылғалмен өңдеу процесін автоматты бақылау жүйесі, мобилді телефон байланысы, крандарға бейне камера орнатылды. Бұл жұмыстар еңбек жағдайын жақсартып, техникалық қауіпсіздікті арттырды. Вентиляция жүйесі қайта құрылды.

Соңғы үш жылда жаңа инженер желісі, яғни жылу трассасы, канализация, водопровод салынды. Мұнда В.Т Черненко, механик Н.Н. Лазурин, бас энергетик С.В. Докунин, цех басшылары Г.В. Горбунов, В.А. Польской, Т.Т Хисамитов, М.А. Боровиков, КИПиА бастығы С.Н. Тамбовцев, В.П. Болкунов белсенділік көрсете білді.

Зауыттың территориясына жас ағаштар егіліп, гүлзарларға гүл өсірілді. Зауыт территориясының экологиялық ахуалы жақсарды.

Жылдан-жылға өнім көлемі, өнім сату көлемі, еңбекақы қоры да өсті. 2006 жылы 1.7 млд теңгеге тауар сатылды. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 700млн теңгеге артық.

 

 

2006 жылы негізгі өндіріс капиталы инвестициясы шамамен 280 млн болса, еңбекақы орта есеппен 36.500 теңгеге дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 7.500 теңгеге артық.2006 жылы зауыт қайырымдылық қорына 4.0 млн теңге құйды.

INSAM Женева Бизнес және Басқару институты қолдауымен «Силикат» ЖШС «Эффективно развивающееся предприятие» номинациясы бойынша марапатталды.Бұл награда Қазақстан бойынша зауыт өз саласында көшбасшы екендігінің дәлелі.2007 жылғы маусым айында Сертификаттау органы «Силикат» ЖШС-не ENISO 9001-2000 cәйкес силикат кірпіш және әктас өндіру саласында менеджмент жүйесі Сертификаты тапсырылды.

Қазіргі заманда тұтынушылар сапалы, әдемі буылған өнім алғысы келеді. Тапсырысын мерзіміне сай сапалы дайындайтын Серіктеспен бірігіп жұмыс істеген қандай тамаша. Осындай кәсіпорынның бірі болып «Силикат» кірпіш зауыты есептеледі.

Зауыттың даму перспективалары

50 жылдан бері 5 миллиард дана кірпіш өндірілді, яғни, осынша кірпіштен миллион тұрғыны бар қала салуға болады. «Силикат» ЖШС шығармашылықпен белсенді өмір кешіп жатыр. Өнімі халықаралық сапа стандартына сай.2007 жылы жөндеу-механика цехінің өндіріс алаңы қайта құрылды. Автоклав вагоншалардайындау технологиясы жетілдірді.

Алдыңғы он жылға жеткілікті кварц песокпен қамтамасыз ету үшін зауыттан үш шақырым жерде 76.6 га жер теліміне геологиялық барлау жұмысы жасалып жатыр. Директорлар Кеңесі алдымыздағы уақытта №2 кірпіш өндіру цехін өндіріс қуаты 60-70 млн дана кірпіш шығаратындай етіп қайта құру жоспарлап отыр.

 

Бұл қайта құру төмендегідей жұмыстарды қамту керек: - «седвич» плиталарына және оцинкованный профлистқа ғимарат қабырғаларын ауыстыру, шатырды жөндеу;- силикат масса дайындайтын бөлімді жөндеу;- кесек әктасты ұнтақтайтын жабдықты, шар диірменді,элеваторды жөндеу;- «LASRO» фирмасының автоматты технологиялық кірпіш шығару жүйесін орнату;- 2х19м маркалы төрт жаңа автоклавты орнату және бес ескі автоклавты жөндеу;- автоклавтан кірпіш шығаратын механизмді және өндіріс жолдарын жөндеу;- кірпіш қалайтын жүйе және поддон алу, силикат масса дайындайтын №1 кірпіш цехінде дистанционды басқару жабдығын орнату.

Қазіргі уақытта ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесін, OHSAS-18008 қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджмент жүйесін енгізу барысында жұмыс жүріп жатыр.Бес жыл арасында ПНР шығарылған 9 автоклавты және дайын өнім қоймасындағы 1961 жылы шығарылған 2 мост кранды ауыстыру керек.

Бүгінгі күні цех басшыларының, механиктердің,шеберлердің 50% жас мамандар.Адымызға қойған барлық жоспарымызды орындаймыз деген сеніміміз бар.

silikatsemey.kz

Семей силикат зауыты — реферат

Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті  ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі  ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы  баспананың негізгі құрылыс материалы  кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар  да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана  тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының  орнына сабанға араластырған саз  балшықты қолданған. Заманға сай  кірпіштің алғашқы түп нұсқасы  осылай пайда болды. Кірпіш – жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру не автоклавта булау арқылы алынады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып бақыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Сонымен қатар, әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік , т.б. құрылыс материалдар жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Оны жаппай Көне Мысырда жасай бастаған. Яғни, б.з.б. 3-1 мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архитектуралық кірпіштер шыққан. Яғни, кірпіштің ежелгі заманда дамыған жерлері Оңтүстік Шығыс Азия, орта Азия елдері, Ежелгі Мысыр болып табылады. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерімен өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты. Б.з.б. 1 мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі күрпіш жасауды қалға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде Ежелгі Грекияда, Римде кірпіш жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Қазіргі таңда дүние жүзінде кірпішті өндіру процесі жақсы дамыған. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикалық «золокерам» материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Бұл кірпіштің өндірісінің Қазақстанда да дамығанының белгісі болып табылады.

 

Жетіжылдықтың тұңғышы Семей  силикат зауыты Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып  саналады. Осы шақта – «Силикат» ЖШС. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы өндіріс, азаматтық, мәдени-әлеуметтік объектілердің көбі силикат кірпіштен салынған. Сонымен қатар зауыт өнімдерінің мосқал бөлігі Қазақстанның және Ресейдің түкпір –түкпіріне жеткізіледі. Ал түсті металлургия кәсіпорындары және алтын өндірушілер әктасты өз технологияларында пайдаланады. Зауыттың тату-тәтті ұжымы шығармашылықпен жұмыс істей отырып, бір-біріне қайырымдылық жасауға дайын.

 Директорлар кеңесі, инженер-техникалық  қызметкерлері жаңа технологиялар енгізумен бірге еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін шешу барысында үнемі шығармашылық ізденісте. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып зауыт ұжымы алдына құрылыс материалдарын шығаруда үлкен бағдарламақойып отыр. «Силикат» ЖШС Қазақстан құрылыстарына 140 миллион дана кірпіш және 70 мың тонна әктас жіберіп отыр.

 Қазіргі жетістіктерге  жету үшін зауыт ардагерлерінің  қажырлы еңбегін ұмытпау керек. 

 

Зауыттың  тарихы

1953 жылы қала маңынан  кварц құм кенорындары табылды,  оның қоры және кірпіш өндірісіне  жарамдылығы анықталды. 1954 жылғы 22 маусымда КСР одағының Министрлер Кеңесінің №1240 Қаулысы бойынша Семей қаласында жылына 60 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт құрылысы жоспарланды. Семей стансасынан солтүстікке 2,5 км жерден алаң бөлініп, зауыт жобасына техникалық жағдайлар жасалды. Зауыт жобасы Алматы Казпромстройпроект институтына тапсырылды. КСРО құрылыс материалдар Министрлігінің 1955 жылғы 12 сәуірдегі №56\р-583 Бұйрығымен Семей силикат кірпіш зауыты жобасы бекітілді.

1958 жылы уақытша технология  сұлбасы бойынша зауыттың бірінші  кезегі іске қосылды. Сол жылдың  соңында 39 мың дана кірпіш шығарылды.  Негізгі жабдықтар (револьверлі  престер - 4 дана, автоклавтар - 6 дана, ұсатқыштар - 2 дана, вагоншалар, электроарбалар) ГДР - дан жеткізілді. Қалған жабдықтар  отандық зауыттардан алынды. Әктасты ұнтақтау және елеу технология желісі далада орналасты. Зауытқа әктас Алтай өңірі Горняк поселкесінен тасылды. Ол кезде жұмыстың жартысы қолмен жасалды. Әр престі бес адам іске асырып отырды-бір престеуші, төрт түсіруші. Дайын кірпішті үстелден екі адам қолмен түсіріп тұрды. Ол үшін ептілік, шеберлік сияқты қасиеттер керек еді. Минут сайын айналып тұрған үстелден салмағы бес килограмм 45 дана кірпіш түсіру қажет болды. Кірпіштерді бұзып алмай вагонша - ға салу керек. Түсірушілер кезекпен демалып отырды. Бұл туралы 60 жылдары жұмыс істеген зауыт ардагерлері Захарченко И.И., Калинина Т.В., Волкова М.А.,Феденеева В.К., Щурова Е.М. айтып бере алады. Вагоншаларды жүргізу және оларды автоклавқа орналастыру сияқты жұмыстар қолмен жасалды. Әсіресе кірпішті автоклавқа салу өте ауыр болды. Автоклавтың қызуы +70 С болады. Содан кірпішті алаңға шығарып тізу керек еді. Қазандықтың жұмысының да көбі қол жұмысы болды. Төрт қазандық жылдамдату тәртібінде жұмыс істеді. Көмірді қазандыққа жеткізу, пешке салу, пештің күлін алу сияқты жұмыстардың бәрі қолмен жасалды. Қазандықта бір кезекте 5 адам жұмыс істеді. Қарапайым ғимаратта зауыт басшылары,есеп бөлімі, жоспарлау бөлімі, медункт, телефон коммутаторы, диспетчер бөлімі, буфет орналасты. Зауыттың қарамағында өндірістік ғимарат, дайын өнімді сақтайтын қойма, автокран, теміржол тарабы болды.

 Қазіргі елеуіш бөлімнің орнында СМ-14 диірмені және ұсақтағыш тұрды. Төрт адам - нан тұратын бригада әктасты ұсақтағышқа күрекпен әперіп тұрды. Содан кейін әктас элеватормен бункерге, ары қарай диірменге түсті. Бірінші айларда әр кезекте тек 15-20 м3 силикат масса шығарып үлгерді. Тек 1959 жылдың қаңтар айында бір кезекте 66 м3 силикат масса дайындала басталды. Бұл өте жоғары көрсеткіш болып есептелді. Осыған орай зауыттың ұжымына арналған «Молния» шығарылды.1959 жылы тәулігіне 15 тонна әктас шығаратын 5 күйдіргіш пештер орнатылды. Бұл пештердің де жұмыстары қолмен жасалды. Кесек-кесек әктастарды қол балғамен ұсақтау керек еді.Күйдірілген әктас пештен қолмен алынды. Бір кезекте 8 адам, 1 жүргізуші жұмыс істеді. Осы ауыр жұмыста көп жылдар Абишев А., Минасипов М., Мұхамеджанов К., Колтышев А., Асаинов А., Рудометов А., Фатихов Ю., т.б. сияқты еңбекқор адамдар болды. Дайын өнім қоймасындағы автокранға кірпіш тиелген вагоншаларды таятып, одан автокөлікке немесе теміржол вагондарына тиеген. Қазіргідей кірпіштер буылып тиелген жоқ. Кірпіштердің сапасы төмен, көбінесе 75-100 маркалы кірпіштер болды. 1961 жылы №1 кірпіш цехіне қосымша 3 автоклав, пресс бөліміне СМ-481 пресі орнатылады. Сол жылы зауыттың өндіру қуаты да артып, 60,3 млн. дана кірпіш шығарылады. Зауыттың ең бірінші директоры болып Губский Петр Тимофеевич тағайындалды. Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілеттілігі өте жоғары болды. Сондықтан зауытта партия,комсомол,кәсіподақ ұйымдарының жүргізуімен жастар арасында тәрбие жұмыстары жүріп жатты. Партия ұйымының хатшысы - Одинцев Иван Иванович. Кәсіподақ ұйымының хатшысы - Свистунов Григорий Филиппович. Басты кезеңде зауыт алдына қойылған жоспарды әрқашан толығымен орындай алмады,өйткені еңбек өнімділігі төмен,өнім сапасы нашар болды. Силикат кірпіш құрамында әктас негізгі компонент болып табылады. Әктас жақсы ұнтақталған болса,кірпіш сапасы да жоғары болдады. Бірақ жұмыс барысынды диірмен дұрыс істемесе,әктас кесектеліп кетеді. Сондықтан сапаса төмен өнім шығарылады. Сонымен қатар кірпіш күйдірушілердің біліктілігі де төмен болды. 1962 жылы Губский П.Т. Целиноград қаласына силикат кірпіш зауытына директор болып тағайындалады. Семей зауытына директор болып Семей цемент зауытында цех бастығы болған Кислуха Федор Федорович тағайындалды. Зауытқа үшінші СМ-436 диірмені, 2 механикалық әктас күйдіргіш пеш орнатылып, отын және әктас сақтайтын қойма салынады. 1964 жылы зауыт директоры болып Назаров Алексей Андреевич тағайындалады. Қазақстанның халық шаруашылығына өзерістер енгізіле басталды. Совнархоз жойылып, Главк деген жоғарғы басқармалар құрылды. Енді зауыт Өскемен қаласындағы «Восток-Стройдеталь» тресі қарамағына, ал 1967 жылы - Семей қаласында қайта құрылған «Семстройдеталь» тресі қарамағына берілді. Зауыттың еңбек, санитарлық жағдайларына байланысты санэпидемстанция, котлонадзор сияқты бақылау орындары бірнеше рет зауытты жабу туралы ұсыныс жасады. 1964 жылы қиындықтарға қарамастан дайын өнім қоймасына 2 кран іске қосылады. Бұл жұмысшылар үшін көп жеңілдік болды. Краншы мамандығын ең бірінші болып  Дмитрюк А.А., Титова В., Фокина Т.М. деген жұмысшылар игерді. 1965 жылы өнімділігі тәулігіне 50 т әктас 2 механикалық күйдіргіш пеш орнатылды. 1964-1965 жылдары зауытқа техникум, институт бітірген жас мамандар – Трибушная Г.А., Наумова З.И., Назарова М.А., Кубрик П.Е., Костенко А.Н. келді. Олар тез арада  білікті мамандар қатарын толтырып, өз істерінің шеберлері болды. Мысалы, Кубрик П.Е. бас технолог болып тағайындалды. Зауыт басқармасы жас мамандарды тәжірибелерін көтеру, біліктіктерін арттыру үшін Барнаул силикат зауытына, Өскемен титан-магний комбинатына оқуға жіберді. 1965 жылы Назаров А.А. денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Зауытқа төртінші директор болып Өскемен кірпіш зауытының цех бастығы Еремин Б. Г. тағайындалады. Тәжірибесі мол Еремин Б.Г. қызметіне тез-ақ кірісті. Зауытқа білімді жастар тартылып,цех басшыларының біліктіліктеріне,еңбек жағдайын жақсартуға, жұмысшылардың мәдени өміріне көңіл бөліне басталды. Жас бастықтар, инженер-техникалық қызметкерлер және зауыттың барлық жұмыскерлері үшін төмендегі заңдылықтар міндетті болды:

 - адал, ұйымшыл еңбек ету, материалдық құндылықтарға сақтықпен қарау;

 - жаңа техниканы игеру, алдыңғы тәжірибелерді әрқашан қабылдау;

- біліктіліктерін үнемі  арттырып отыру, өз мамандығынан  басқа қосалқы мамандық игеру;

- өндіріс және санитарлық  мәдениетті көтеру;

- бір күндік тіршілікпен  ғана өмір сүрмей,келешекке зор  үмітпен қарау;

- жоспар орындау - басты  міндет, ал оны асыра орындау  - әр жұмыскердің абыройы.

 

10 жылдан артық уақыт  кірпіш күйдіру уақытша шахта  пештерде жасалды. Механикалық  пештер іске қосылғаннан кейін  еңбек өнімділігі артты, өнім  сапасы жақсарды. Бұл пештердің  жұмыс тәртібінің технологиясын  арттыру Рудометов А.А., Маслов  В.В., Симаков Н.И., Копенко Н.И., Багулин  В., Шпилев В. сияқты жұмыс - шыларға жүктелді. Жұмыскерлердің  экономикалық, техникалық деңгейлерін  көтеру үшін зауыт басқармасы  экономикалық білім мектебін, өндірістік  оқу топтарын ұйымдастырды.Кірпіш  цехіндегі жұмыс автоматтандырылғаннан  кейін еңбек жағдайы да жақсарды. Үш адамның атқаратын міндетін  енді бір-ақ адам істейтін болды. Автомат жүйесін бірінші болып игерген Бенц П., Приходько Н.Л., Толмачев А.А., Топтыгин А., Тусуппаев Ж., Семенов И.И. болды. Кірпішті термоылғалдандыра өңдеу де автоматтандырылды. «Астра» автомат жүйесі шикізатты, буды үнемдеуге ат салды. Осылардың бәрі кірпіш сапасының артуына ықпал болды. Сонымен қатар негізгі жабдықты жөндеу деңгейін көтеру қажеттілігі туды. Әр пресс пен диірмен үстіне монорельстер орнатылып, масса дайындау бөліміне жүк щығырлары орнатылды. Нәтижесінде әр престі жөндеу жұмыстары 5-7 күнге қысқарды. Мұнда белсенділік көрсеткендер Никитин Ю., Бордунов В., Гендриксон А.С., Терехов В., Афанасьев А., Попов Н.А. болды. Еңбек жағдайы жақсарғаннан кейін еңбек өнімділігі ,кірпіш сапасы артып,тоғызыншы бес - жылдықта жылына 70 млн. дана кірпіш шығарылды. Ертістің сол жағалауында цемент-шифер комбинаты, №1 темірбетон комбинаты, арматура зауыты, қағаз комбинаты, ет комбинаты, ал оң жағалауында аяқ киім фабрикасы, комбайн зауыты, газ аппаратурасы зауыты салына басталды. Осыған орай тұрғын үй, аурухана , емхана, мәдениет үйі сияқты құрылыстар қажеттілігі туды. Әрине, силикат кірпіш зауытын кеңейту туралы мәселе өзекті болды. Қазақстан Республикасының Үкіметі қуаттылығы жылына 100 млн. кірпіш силикат кірпіш зауыты туралы шешім қабылдады. Қайта қүрылған зауыттың құрамына өндірістік ғимарат, масса дайындайтын бөлім, 7 автомат пресс-қалаушы орнатылған пресс бөлімі, 11 автоклавы бар автоклав бөлімі, әктас ұнтақтаушы бөлім және екі СМ-1456 диірмені, әктас сақтайтын қойма, құм қабылдайтын бөлім, дайын өнім қоймасы, отынсақтайтын бөлім кірді. Теміржол тараптары кеңейтілді. Үш ДКВР10/13 қазандығы орнатылған жаңа қазандық, компрессорлық және канализациялық насос станциялары салынды.1969-1972 жылдары зауыт мамандары зауыт жобасы бойынша жекеленген кемшіліктер мен қателіктерді жою туралы ұсыныс жасады. Бірақ Стройпроект ҒЗИ бұл ұсыныстарды қабылдамады. 1972 жылғы 30 қыркүйекте қуаттылығы жылына 75 млн. кірпіш шығаратын зауыттың іске қосылуы туралы мемлекеттік актісіне қол қойылды.

 

Оған төмендегі шаралар  енгізілді:

- әктас  күйдіретін  пеш салу;

- екі диірмені бар  елеуіш бөлім;

- силостың астынан масса  алынатын жүйені қайта құру;

- компрессор бөлімін  кеңейту;

- жөндеу-механика цехін  салу;

 - тұрмыс корпусын салу;

- басқа шаралар.

 

Осы шараларды іске асыру үшін Промстройматериал Министрлігі қаражат бөледі.1976 жылы бесінші әктас күйдіргіш пеш, үшінші шар диірмені, жөндеу-механика цехі, тұрмыс корпусы іске қосылады.Қалған ескертулер мен кемшіліктерді түзетуге зауыт өз қаражатын бөлді. №2 кірпіш цехін, жаңа қазандықты іске қосарда зауыт басшылары көп қиындықты басынан өткізді. Жобалауда жасалған қателіктер, білікті мамандардың жетіспеушілігі,жабдықтардың жиі сынуы, кадрлардың жиі ауысуы-осының бәрі зауыттың жұмысына кедергі жасады. Ең ауыр учаскелерде басшылық жасаған адамдар:цех бастығы Бугаев В.А., №2 механика цехі бастықтары Балабанов В.П., Худолей И.А. Наку Е.П., Ланг В.Б., Супрун Г.И., Калистратов В.М., Горбушин В.Н. сияқты шеберлер зауыт ұжымының басын қосып, бірлікпен, ынтымақпен жұмыс істеу үшін аянбады. Кірпіш өндіру қарқыны жыл сайын артып отырды. 1970 жылы 64,6 млн. дана кірпіш шығарылса, 1975 жылы 145 млн. кірпіш өндірілді. Сөйтіп, Семей силикат кірпіш зауыты Қазақстан құрылыс индустриясында алдыңғы орындардың біріне ие болды. 1974-1975 жылдары түсті силикат кірпіш шығару қолға алынды. Бұл кірпішпен «Центральная» қонақ үйі, әуежай, Технология университеті, стомотология емханасы және басқа ғимараттардың сыртын қаптады. Осы жылдары зауытта теледидар жүйесі, радио жүйесі іске қосылады, диспетчерлік қызмет кеңейіп, кезек басшылары болып, тәжірибелі мамандар тағайындалады. Кезек басшылары кез-келген мәселе бойынша жедел шешім қабылдауға міндетті. Теледидар жүйесі бойынша кезек басшысы цехта болып жатқан барлық жағдайды бақылап отырады.

 

Зауыт басқармасының цехтік құрылымы анықталды:

- негізгі цех - №1 және 2 әктас цехі, көлік-шикізат цехі, бу цехі;

- қосалқы цех – жүк  арту және жүк түсіру цехі, жөндеу-механика цехі, жөндеу-құрылыс  цехі, КИПиА және электроцех, тұрмыс  корпусы.

 

Техникалық үдеріс – кәсіпорынның сара жолы

 

Осыдан бастап зауыт Алматы Стройпроект ҒЗИ, Москва ВНИИСТРОМ, ВНИЭСМ, Гипростром, Таллин, Силикатбетон ҒЗИ, Краснодар НИПИОТСРОМ, Минск ҚМҒЗИ, Өскемен Түсті металдар ҒЗИ және т.б. сияқты мекемелермен тығыз жұмыс істей бастады. 1960-1980 жылдар аралығында зауыт 400 рационализаторлық жаңалық тапты. Әсіресе 9 және 11 бесжылдықта зауытта рационализаторлар қатары артты. Тек қана 11 бесжылдықта 178 рационализаторлық ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныстар нәтижесінде 241000 рубль үнемделді. Мысик Г.Г, Дмитриенко А.А, Немцова В.М, Гендриксон А.С, Капкова Я.А, Афанасьва А.А сияқты рационализаторларды ерекше атап кету керек. 1981-1982 жылдарда 10 қол автоклавын толық Польша мемлекетінде өндірілген гидравликалық автоклавтарға ауыстырылды.осылай автоклавшылардың жұмысы механикаландырылды. №1 кірпіш бөлімі 1985 жылы қайта құрудан өтті. Енді силикат кірпіштің сапасы артып, мөлшері артты. Краснодар политехникалық институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, зауыттың конструкторлар тобы жылына 10 мың м2 қаптауға арналған декоративтік плитка шығаруды жоспарға енгізді. №4-6 пештердегі пластина конвеерлер ауыстырылды, СМ-126 және СМС-246 сместительдері СМС-95 смесительдеріне ауыстырылды.Қазандық бөліміндегі көмір ұсататын жабдық жаңартылды. «Дорстнер» пресінің жұмысы жандандырылды. №2 цех алаңында вагоншалар жөндейтін ғимарат салынды. №1 цех алаңындағы СМ-436 диірмені СМ-1456 диірменіне ауыстырылды. Дайын өнімдер алаңында рационализатор Мысик Г. жаңалық енгізіп, жұмысшылардың еңбегі жеңілденді. Сапа категориясы бойынша өнім аттестациясы өткізілді.11 бесжылдықта 10.71 млн. дана қызғылт кірпіш шығарылды. 2003 жылдан бастап Ж-1 Ярославль теміртотығы негізінде сары кірпіш өндіріле басталды. 1985 жылы зауыт 11 бесжылдықты 17 желтоқсанда аяқтады. Тек 1985 жылы 172 млн. дана силикат кірпіш, 2.33 млн. түрлі-түсті кірпіш, 93 мың тонна әктас, 8.0 тонна құрылыс әктасы өндірілді.Кірпіштің маркасы 144.8 кг.\см2 жетті.

referat911.ru

ОФИЦИАЛЬНЫЙ WEB-САЙТ АКИМА ГОРОДА СЕМЕЙ - Акимат

Қоршаған орта Семей Цемент зауытынан зиян көрмейді

Елімізде жыл өткен сайын өндірістік қуаты артып келеді. Оған көптеген ірі кәсіпорындардың іске қосылып жатқаны дәлел. Бір жағынан экономикалық әлеуметіміздің артып, жаңа жұмыс орындарының ашылғаны қуантады. Дегенмен жаңағы зауыт-фабрикалардың ауа мен суды ластап жатқаны қынжылтады. Сол себепті Үкімет өндіріс орындарының экологиялық тазалықты сақтаудағы жуапкершілігін арттырғаны белгілі. Бүгінде өндіріс орындарына қойылатын басты талап – қоршаған ортаның тазалығына зиян келтірмеу.

Осы тұрғыда «Семей цемент зауыты» ЖШС үлкен істі қолға алып отыр. Мұнда цемент өндірісінен бөлінген улы заттар   шығатын мұнараларға жаңа электрлі сүзгілер орнатылуда. Бір қуантарлығы, аталмыш қондырғы Қазақстанда жасалған. Отандық өнім халықаралық стандарттар бойынша жасалған және экологиялық тазалыққа қойылған қатаң талапты толықтай сақтайтын болады. Ал жоспар бойынша келер жылы өндіріс орнында тағы да осындай сүзгілерді орнату жоспарланып отыр. 

Семей цемент зауыты – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Ол құрылыс материалдарының осы түрін шығару бойынша елімізде, сондай – ақ Орта Азияда жетекші орынға ие. Кәсіпорын тек облыстың ғана емес, республиканың цементке деген сұранысын қамтамасыз етеді. Өндіріс ошағының шығарған өнімін еліміздің әр қиырындағы құрылыстарда пайдаланып жүр. Кәсіпорын әр уақытта да игі істермен көзге түсіп келеді. Бүгінде орнатылып отырған электрлі сүзгілер осындай игі істердің бірі. 

Өткен жұма күні қала әкімі Айбек Кәрімов «Семей цемент зауыты» ЖШС-де болып, жаңадан орнатылған электрлі сүзгінің жұмысымен танысты. Аталмыш жаңашылықты арнайы таныстыруға келген United Cement Group халықаралық тобының бірінші орынбасары Александр Зуев пен зауыттың Бас директоры Геннадий Каменев қала басшысына жаңа құрылғының жұмысын көрсетті. 

- Бұған дейін №2 пеште осындай электрлі сүзгі іске қосылған еді. Қазір №1 пештегі сүзгі іске қосылып отыр. Ал келер жылы №4 пешке сүзгі орнатылатын болады. Оған бюджетімізден арнайы қаржы қарастырылған. Биылғы жылы біз арнайы бөлім аштық. Ол бөлім сүзгілер қызметімен арнайы айналысатын болады. Сондықтан да барлық сүзгілердің жұмысы жіті қадағалауға алынады. №1 пештегі орнатылған сүзгінің өзі қомақты қаржыға қойылды. Мөлшері 80 млн. теңге қаржы жұмсалды, - деді «Семей цемент зауыты» ЖШС Бас директоры Геннадий Каменев.  

Кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген қала басшысы жоба аясындағы жұмыстарды тұрғындар нақтылы сезу керектігін баса айтты. Ол сондай-ақ ашылып отырған жұмыс орындары мен әлеуметтік салаға жіті назар аударылып отырғаны үшін зауыт өкілдеріне ризашылығын білдірді. 

- Елбасымыз бірінші кезекте халықтың денсаулығын қорғауға үнемі назар аударып келеді. Семей қаласында экологиялық жағдай мен өнеркәсіптік қалдықтар мәселесі өткір тұр деп айтуға келмейді. Алайда ондай мәселе бар және зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындар саны көп емес. Сіздер соңғы бес жыл бойы мақсатты түрде экология мәселесі төңірегінде жұмыс жасап келесіздер. Оған жұмсап отырған қаражаттарыңыз да қомақты екенін білеміз. Халықаралық талапты орындап жатқандарыңыз бізді қуантады, - деген Айбек Кәрімов кәсіпорын басшылығын еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі – Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, биылғы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында нақты мақсаттар мен тапсырмалар жүктелгенін атап өтті. Сонымен қатар қала әкімі Айбек Кәрімов шаһардың алдағы даму жоспарына сәйкес кәсіпорын өнімдері қажет болатынын, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылыс жұмыстары қарқын алатынын атап өтті. 

- Қалада кем дегенде бес балабақша салынатын болады. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Студенттерге арналып заманауи 8 жатақхана салынады. Бұған қоса «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша 8 жобамыз бар. Келер жылы олар іске қосылады. Ең бастысы қалада жекеменшік иелері өз қаражаттарына ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деген Айбек Мүталапханұлы қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеровке қаланың болашақтағы дамуына сай жүргізілетін құрылыс жұмыстары жоспарымен кәсіпорындарды таныстыру керектігін тапсырды. 

«Семей цемент зауыты» ЖШС осылайша қоршаған ортаның тазалығын сақтауға зор үлес қосып отыр. Мұндай бастама өзге өндіріс орындарына үлгі болса игі. Өйткені, елдің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы қоршаған ортаның тазалығына байланысты болатыны баршаға аян.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

akimsemey.gov.kz

Семей қаласы | Шығыс Қазақстан облысының Инвестициялық порталы

География

Семей ШҚО-дағы аймақтағы 2-ші ірі қала болып есептеледі. Ол Ертістің екі жақ жағалауында орналасқан. Аумағы – ауылдық округтерді қосқанда 27,5 мың кв км. Облыс орталығы Өскемен қаласына дейінгі аралық 240 км Гринвичтан шығысқа қарай 40км, Семей қаласының батысынан Дегелен тауларына қарай қиылысатын сызықтар 500с.к. және 800 ш.ұ. болатын Евразия суперконтинентінің Географиялық орталығы болып анықталды.

Аймақтың климатына материкке мұхиттан географиялық жағдайдың ерекше әсері бар. Географиялық жағдайы континеттік және дымқылдану дәрежесінің айырмашылықтары, жыл мезгілдеріне байланысты температураның өзгеруі, климаттың әр түрлі көптеген типтері арқылы ерекшеленеді. Климаттың күрт континеттілігі жылдық және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен түсіндіріледі. Қыста -450, ал жазда +450. Қала тұрғындарының саны 300 мың адамнан асады. Батыс аймақтық құрылыс материалдар ресурсы жеткілікті. Суықбұлақ ауылынан Семейдің оңтүстігіне қарай жоғары сапалы мәрмәр шығатын орын, Ауылдың солтүстігінен гипстің шығатын бай орны бар. Құрылыс және декаротивтік тастардың, шыны құмдардың, батпақтардың алуан түрлері бар. Цемент өнімдерінің графит және асбесттің, фарфор фаянс өнімдерінің орындары бар. Батыс аймақтық жылу энергетикалық ресурстары негізінен Ертіс, Шүлбі және Тарбағатайдан келетін көптеген ұсақ өзендер энергия ресурстары негізінде іске асады. Батыс аймағының аумағында химиялық өнімдердің аздаған орындары кездеседі (ас тұзы, мирабилит т.б.). Көл ресурстарына әр түрлі дәрежедегі тұзды сулар, балықтар, су қойнауларының маңындағы өсімдіктер, емдік батпақтар, көл құмдары түріндегі құрылыс материалдары, қиыршық тастар және т.б. жатады. Аймақ ормандарының маңызы зор, олар мемлекеттік бақылауда. Қарағайлы орман Ертіс өзенін бойлай Шыңғыстауға дейін созылған, жабайы алма өскінділері Тарбағатайға дейін. Батыс аймағының жануарлар әлемі ресурсы спорттық, кәсіптік аулау мен балық аулаудың негізгі көрінісі болып табылады. Жер қыртысы ресурсы ауыл шаруашылығының дамуыда үлкен рөл атқарады (Белағаш даласы). Аймақтың көптеген аумағы әр түрлі мезгілде жайылым ретінде пайдаланылады. Осылайша Батыс аймағы табиғи табиғат ресурстары және пайдалы қазбалардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Тарих

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П. Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияҚты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. ХХ ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М. Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г. Потаниндермен кездесті. Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н. Долгополов, С. Гросс, П. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияҚты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н. Белослюдов және А.Н. Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н. Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д. Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н. Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» өнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» өнқағазының редакторлары Р. Марсеков пен К. Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М. Молдыбаевтың, Ж. Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса БайзаҚов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М. Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М. Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.

Аумағы

2 780 675 га.

Шекаралар

Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Ұлан, Абай аудандарымен, Қарағанды және Павлодар облыстарымен; Семей – Өскемен – 198-220 км; Семей – Астана – 900 км; Семей – Алматы – 1100-1200 км.

Халқы

2017 жылдың 1 қазанына халық саны – 343 556 адам, соның ішінде ерлер – 161 892, әйелдер – 184 664.

2017жылдың1қаңтарынажұмыссыздар саны – 8893

Инфраструктура

65 орта мектеп, 41 мектепке дейінгі ұйымдар, 4 жоғары оқу орны, 28 орта оқу орындар жұмыс істейді.

Өндіріс

Қаланың әкімшілік аумағында тас көмірдің, құрамында алтыны бар және полиметалдық руда, сондай-ақ мәрмәрдың, граниттің, габбро және өзге руда емес пайдалы қазбалардың біршама кеніштері орын алған. Өнеркәсіп кәсіпорындары негізгі төрт салаларға жатады: – Тау-кен өнеркәсібі; – Өңдеу өнеркәсібі; – Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау; – Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылау. Қаланың тау-кен өнеркәсібі көмір қазу бойынша «Қаражыра ЛТД» ЖШС, құрамында алтыны бар руда қазатын «ФИК «Алел» АҚ, «Данк» ЖШС, «Жерек» ЖШС, марганец рудасын қазатын «ТЭМК» АҚ сияқты кәсіпорындармен ұсынылған. Көмірдің баланстық қорлары өңірдің тұрғындар мен энергия тұтынушыларын көмірмен тұрақты қамтамасыз етудің жақсы келешегін тудырады. Өңдеу өнеркәсібін келесі салалар қамтиды: – Металлургиялық өнеркәсіп алтын қазу кешені кәсіпорындарымен ұсынылған: «Данк» ЖШС, «ФИК «Алел» АҚ, «Жерек» ЖШС, олар құрамында алтыны бар руданы өңдеумен және алтын өндірісімен айналысады; – Қаланың машина жасау кешені мынайдай «Семей машина жасау зауыты» және «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамдары, «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Ибраев +К» ӨК, «EAST INDUSTRI COMPANI LTD» ЖШС, «Казахкабель» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «Металлист» ЖШС, «Семей метиз зауыты» ЖШС сынды және өзге кәсіпорындармен ұсынылған; – Өзге металл емес минералды өнім өндірісінде (құрылыс материалдары) қаланың ірі және орта кәсіпорындары негізінен жергілікті шикізатпен жұмыс істейді, олар «Семей цемент зауыты», «Силикат», «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты», «ПОСЖБ», «ALINA PRO», «Эскор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Олардың өнімдерін ПЦ 400-ДО, ПЦ500-ДО, ПЦ 400-Д20, ПЦ400-ДО-Н маркалы портландцемент, қатардағы, түрлі түсті қаптағыш және декоративті силикат кірпіші, құрылысқа арналған кесек, ұнтақталған және ыдысталған әк, құрғақ қалау қоспалары, асбестцементті бұйымдар (шифер), жаяу жол тақтасы, құм-шатыр черепица, бетон және темірбетонды бұйымдар, әртүрлі бағыттағы құрылыс қоспалары және өзгелері құрайд; – Жиһаздан өзге ағаш бұйымдары өндірісімен «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ айналысады, олар сіңірілген шпалдар, телеграфты бақандар, көпір брусы, темір жолға арналған қардан қорғайтын шиттер және өзгелерін шығарады; – Қағаз және қағаз өнімі өндірісінде ірі өндіруші болып «Казполиграф» ЖШС табылады, оның өнімі кең танылған, олар-гофрленген картон, гофрлі картоннан жасалған жәшіктер, пленка материалынан жасалған орағыш материал, тамақ өнімдеріне арналған сурет салынған полимерлі материалмен қапталған қағаздар, пленка негізінде көпқабатты және құрама материалдар, қағаздар мен фольгалар, сүт, сүт өнімдері және шырындарға арналған суреті бар құрама материалдардан жасалған пачкалар; – Жеңіл өнеркәсіп (тоқыма бұйымдары, киімдер, былғары өндірісі, былғарыдан жасалған бұйымдар және аяқ-киім бойынша ішкі салалалары) «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС (былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар, тон-тері бұйымдары өндірісі), «Роза-ВВК» ЖШС (пима, киіздің әртүрлі түрлері), «Семспецснаб» ЖШС (тігін және тон-тері бұйымдары), «Семей аяқ-киім фабрикасы» ЖШС (табиғи былғарыдан жасалған аяқ-киім) сынды кәсіпорындармен қамтылған. Өңірді электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында: электр энергиясын – «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «ВК РЭК» АҚ СФ, жылуэнергиясын – «Теплокоммунэнерго» МҚК, газды – «Аманат Газ» ЖШС және «Ертістрансгаз» ЖШС өндірумен және таратумен айналысады. Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылау саласында сумен жабдықтау және таратумен «Семей су каналы» МҚК айналысады.

Жер ресурстары

Семей қаласының аумағы 2018 жылдың 1 қаңтары жағдайына 2780,7 мың га, құрайды, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 999,6 мың га, ол барлық ауданның 36 % құрайды, оның ішінде 11,7 мың га жыртылған жерлер ауылшаруашылық жерлерінің 1,2% құрайды, 6,1 мың га тыңайған жерлер ол ауылшаруашылық жерлерінің 0,6% құрайды.

Еңбек ресурстары

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың        2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және Өңірлерді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі тиімді шешілуде.

2017 жылы еңбек делдалдығына 15723 адам өтініш білдірді, бұл 2016 жылға қарағанда 1,8 есеге көп (8629 адам).

2017 жылдың 31 желтоқсанына еңбек нарығында белгіленген жұмыссыздар саны 1221 адамды құрады. Экономикалық белсенді халықтың санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,7 %  құрады.

Экономика саласында 3860 жұмыс орны құрылды, сонымен қатар өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша – 2137 жұмыс орны немесе жоспардың 101,5 %  (2105).

Еңбек нарығына қажеттілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарына мамандықтарға жоспарда 1422 адам бола тұра, 1697 адам жолданды.

Шағын несиелендіру мәселесі бойынша 166 адам өтініш білдірді, олардың   69 – жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге және 97- өз ісін ашуға, сонымен қоса 56 – ауылдық елді мекендерден.

115 жолдама берілді, оның 43 – өз ісін ашуға, 72 – жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге арналған. Соның ішінде, 111 жолдама – екінші деңгейлі банктермен және 4 жолдама – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, соның қатарында «КТ» Абай Агро» - КХ «Баршатас» ЖШС, «Қали», «Достық» СПК және «КТ» Урджар Агро»  ЖШС - «Мұсайынов Ш. С.» ЖК арқылы берілді.

Өтініш білдірген 166 адамның 140 кәсіпкерліктің негіздеріне оқытудан өтті.

7824 қатысушыға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, соның ішінде 6306 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына бір жылға 359 адам жұмысқа орналасты, жоспарда 280 адам. Жастар тәжірибесіне жоғары оқу орындарының 709 түлектері қатысты, жоспарда 555 адам. Қоғамдық жұмыс орындарына 450 адам жолданды, жоспарда 450 адам.

Приречный ауылдық округінің Мұздыбай ауылындағы 10 екі пәтерлі жеке тұрғын үйлері құрылысы аяқталды. Бағдарламаның барлық қатысушылары «Мұздыбай - 1» ШҚ тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Оралмандарды қабылдау өңірлік квотасына енгізу бойынша комиссия кеңесінің шешімдері және Халықты жұмыспен қамту орталығының бұйрықтарымен 9 этникалық қазақ отбасына және олардың 32 адамнан тұратын отбасы мүшелеріне көшуге 2,5 млн. теңге сомада қаржы төленді. Тұрғын үйді ұстауға (жалға) жалдау бойынша шығындардың орнын толтыруға және коммуналдық қызметтерді төлеуге оралмандардың 7 отбасына  1,5 млн. теңге сомаға қаржы төленді.

Есептік кезеңге аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 0,1 % төмендеді және 1685 адамды құрады (01.01.2017 жылға – 1687 адам). 

Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 9,4 % (2016 жылы – 628 адам, 2017 жылы – 687 адам), сонымен қоса тұрғын үй көмегін алушылар саны 6,8 %  (2016 жылы – 2069 отбасы, 2017 жылы – 2209 отбасы) және балалар жәрдемақысын алушылар 23,1 % (2016 жылы – 1653 бала, 2017 жылы – 2035 бала) артты.  

Кадрлар әлеуеті

Техникалық Электржабдықтау (сала бойынша) – 228 Дәнекерлеу ісі – 143

Автокөліктердің техникалық қызмет көрсетуі және эксплуатациясы – 39 Жол – құрылыс машиналарының техникалық эсплуатациясы – 223 Ішкі сантехникалық жабдықтар, вентеляция және инженерлік жүйелердің орнату және эсплуатациясы (түрлер бойынша) – 53 Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар (түрлер бойынша) – 62

Т/жол жылжымалы құрамының эсплуатациясы, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.(түрлер бойынша) – 37

Су көлігінің эсплуатациясы (сала бойынша) – 28

Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету  – 87 Автокөліктерінің тасымалдауын ұйымдастыру және басқару – 69 Оптикалық және электронды жабдықтау – 20 Радиоэлектроника және байланыс (сала бойынша) – 50 Медициналық техниканы орнату, және жөндеу – 63 Жол қозғалысын ұйымдастыру – 279 Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау –252 Пайдалы қазбалардың барлау техникасы және технологиясы –208 Геодезия және картография – 457 Гидрогеология және инженерлік геология – 108 Пайдалы қазбалардың барлау және геофизикалық әдістерді іздеу –101 Табиғи ресурстардың экология және рационалды қолдану жер қойнау саласында – 52 Көлік жөндеу темір ұстасы – 68 Құрылысшы техник, тасшы, штукатур – 272 Техник-сантехник – 53 Газбен қамту жүйелердің орнату және эксплуатациясы – 40 Техник-құрылысшы, өндірістік оқыту маманы – 16 Жол–құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (бульдозер машинасы) – 223

Есеп техникасы және программалық қамтамасыз ету – 730 Орман шаруашылығы және ландшафттық құрылыс – 65 Аңшылық және аң шаруашылығы – 25Технология–сервистік Шаштараз өнері – 108 Дизайн – 73 Тамақтандыру өнімдердің технлогиясы және өндіріс ұйымдастыруы – 68 Модельер құрылымдаушы, техник-технолог – 123 Бейнелеу өнері және сызу – 25

Тері және тон өнімдерінің өндіріс технологиясы – 16 Ет өнеркәсіп, тамақтандыру және сауда кәсіпорындарды жабдықтау – 42 Нан пісіру, түтік кеспе және кондитерлік өндіріс – 15 Ет және ет өнімдердің өндірісі – 16 Механикалық өндеу, бақылау-өлшеу жабдықтары – 37 Ветеринария – 95 Қонақ үй шаруашылығының қызметін ұйымдастыру – 31 Тамақтануды ұйымдастыру – 528

Гуманитарлық–экономикалық Құқықтану – 234 Есеп және аудит – 256 Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша) –14

Іс жүргізу және мұрағаттану – 22 Қаржы – 297

Ақпараттық жүйе –130

Туризм – 6

Бастауыш білім беру (салалар бойынша) – 338

Дене шынықтыру және спорт – 315

Мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу – 201

Орта білім беру (Салалар бойынша) – 98

Кітапхана ісі – 35

Режисерлік – 17

Музыкалық эстрада өнері және сазгерлікпен ойнау – 137

Әлеуметтік жұмыс – 68

Хордағы дерижерлік – 47

Кәсіпқой оқыту -97

Ақпараттық жүйе – 130

Құқық қорғау құзіреті – 99

ТЖ ісі – 199

Өрт сөндіру  - 347

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 315

Маркетинг (салалар бойынша) – 18

Менеджмент  (салалар бойынша) – 36

Медициналық мамандықтар

Лечебное дело (салалар бойынша) – 938

Медбике ісі – 1761

Стомотология (ортамедиялық) – 111

Фармация - 395

Инвестициялық әлеует

Қазіргі таңда Семей қаласында инвестиция тартуды қажет ететін келесі жобалар бар:

-        «ПожБарьер» ЖШС «Өрт сөндіру құрылғысын өндіруді ұйымдастыру» құны 986,0 млн. теңге;

-        «Бельсан и К» ЖШС «Жүнді бастапқы өңдеу фабрикасының құрылысы жобасы Қазақстанның Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында  биязы және қылшық жүнді қойларды өсіру жолымен шикізат базасын құру» құны 21,0 млн. АҚШ доллар;

-        Цикалов Константин Борисович «Семей қаласында бекіре фермасын құру» құны 21,0 млн. теңге;

 

Кадрлар ресурстарында қажетсіну

Семей қаласы бойынша еңбек ресурстарына ай сайынғы қажеттілік 7000-ға тарта жұмыс орындарын құрайды.

Туристік әлеует

Туристік кешен – ол бүгінгі күні экономиканың бірден-бір болашағы зор секторы болып табылады. Туризм - рекреациондық, танымдық және емдік қызметтер атқарады. Осындай қызметтерімен Семей өңірі табиғи-мәдени мұраларға бай, бұл жерден танымдық, ғылыми және этникалық туризмге арналған объектілерді тамашалуға болады. Негізінен қызғушылық тудыратын сәулет және тарихи ескерткіштері бар: мұнда Абайдың білім алған үйі, Ахмет Ризаның медресесі, Ямышев қақпасы, Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайының ғимараты (губернатор үйі), бір мұнаралы мешіт, екі мұнаралы мешіт, Абайдың Республикалық әдеби-мемориалдық мұражайы, Абай атындағы театр ғимараты, Тыныбай Каукенов мешіті және Воскресенский қорғаны. 90 метрлік пилонымен Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің орасан зор силуэті және «Сильнее смерти» Семей ядролық полигонының құрбандарына ескерткіш Монументі – бұлар Семейдің қазіргі заманғы символдарына айналып отыр. Қаладан тыс жерлерге экскурсиялық бағыттар әзірленіп және олар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр: «Абай – қазақ жерінің ақыны», «Дарындылар отанына», «Аттила және Шыңғысхан жолдарымен Еуразия кіндігіне», АБАЙ-ШӘКӘРІМ» мемориалдық кешеніне келіп, одан әрі екі ғашық «ЕҢЛІК –КЕБЕК» ақ мәр-мәр тастан жасалған қазіргі заманғы ескерткіші, Бөрлі ауылында М.О. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайы және географиялық Еуразия кіндігі. Саяхат бағыттары қазақтың ұлттық мәдениетінің түп тамарын ашады, қазақ әдебиетінің ғұламасы – Абайдың, атақты философ Шәкірімнің, біздің заманымыздағы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың өмірлері мен шығармашылықтары жайлы айтылады, мұнда тіпті Еуразиялық континенттің географиялық кіндігін білдіретін символикалық белгісін көруге болады, аты аңызға айналған Аттила мен Шыңғысханның батысқа жүріп өткен жерлері. Туризмді дамыту үшін демалыс базаларының құрылысына, жаңа туристік бағыттарды игеруге, республикалық және халықаралық туристік көрмелерге қатысуға және қазіргі заманғы инфрақұрылымды құруға қаржылық қолдау керек. Туризмді дамыту бойынша негізгі бағыттары: – мәдениетті; – тарихи; – экскурсиялық; – жағажай демалысы. – сауықтыру Өңірдегі ішкі туризмді дамыту үшін қаралатын: қала кәсіпкерлерінің туристік демалыс базаларын дамытуына, жаңа туристік бағыттар әзірлеуіне жәрдемдесу; Семей өңірінің туристік әлеуеті туралы ақпараттық – жарнамалық материалдарды дайындау; Жағымды имиджбен қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің сауда және туристік қызметін реттеу жөнінде Комитеті анықтаған, көптеген халықаралық көрмелерге қатысу, жоғары сапалы полиграфиялық материалдарды, қаланың туристк әлеуетінің салтанатты ашылу бағдарламасынан СD–дискілерін плакаттар мен буклеттерді және т.б. шығару арқылы туристік әлеуеті туралы шетелдік клиенттерге және халықаралық туристік ұйымдарға ақпарат беру. Туризмді келешекте дамыту халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес автомобиль жолдарының жағдайын жақсатруға, сервиске тиісті желілерді: қонақ үйлерді, мотелдерді, тез тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын және басқа объектілерін құруға жәрдемдесу қажет. Халықаралық және облыс ішіндегі авиарейстерді дамыту шаралары бойынша туристік бағыттар қалпына келтіріледі және өңірлік туристік кластерге қаланың туристік фирмалары қатысады. Белсенді туризмнің дамуы және белсенді турларды әзірлеуде, бәрінен бұрын туристердің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісім-шартына отыруға бақылау жүргізіледі, сондай-ақ қаланың бір жоғары оқу орнынан және екі колледжінен туризм факультеті ашылды, ол жерде туризм саласындағы кәсіби кадрларды даярлайтын болады. Келешекте қажетті: – эксплуатациялық еңбегі мақсатында адамдарды тасуға жол бермеу үшін тұрғындармен ағартушылық жұмыс жүргізу; – қауіпсіздік мәселесі жөнінде елдерге жол жүру туралы туристік ұйымдарға хабарлау. Семей өңірінің туристік имиджін жоғарлатуға, туристік қызметтің халықаралық нарығында отандық тауарларды алға тартуға, ішкі байланысты кеңейтуге, тиісті туристік қызмет көрсету құрамын және деңгейін құруға жәрдемдесетін тапсырманың орындалуы. Ақырында жол жүру және ішкі туризмнің кеңеюі, қала бюджетін толтыруға, Семей өңіріндегі ауылдардағы және алыс жатқан аудандардағы жұмыссыздықты жою мәселесін шешуге және тұрғындардың әлеуметтік–экономикалық жағдайын жақсартуға әкеледі. Маркетингпен қамтамасыз ету және жергілікті туристік азық-түлікті алға тарту мақсатында туризм саласындағы жергілікті атқарушы органдар туристік фирмалармен бірге Берлин, Москва, Новосибирск, Алматы, Астана, Мадрид, Лондон қалаларында болған көрмелерге қатысты. Семейдің туристік фирмалары демалыс және емдеу бойынша қызметтерді Ертіс бойындағы «Строитель» профилакториінде, «Боровлянка» қарағайлы орманда, Шүлбі жағалауындағы Шүлбі су қоймасында, сондай-ақ Алакөл көлінде демалысты өткізуді ұйымдастыра алады. Туристер үшін Еуразия континентінің географиялық орталығына апаратын қызықты туристік бағыттар ұсынылады. Бұл бағыттар тағдырдың жазуымен атақты Шыңғысханның ордасы мен Абай Құнанбайұлының қорық-мұражайының көрші келуі таң қаларлық құбылыс. Көк аспанға бой тартқан Абай мен Шәкәрімнің күмбезді мазарлары, Тоқтамыс хан мен Мамай батыр мазарлары да тарихтан сыр шертеді. Амфитеатр кешенінде этнографиялық ұжымдардың тамылжыта салған әнін тыңдап, қазақтың киіз үйінде отырып әр түрлі ұлттық тағамдардан дәм татуға да мүмкіндік бар. Туристер сәйгүліктермен серуендеп, дала кемесі түйемен қыдырып, ұлттық киімдерді киіп суретке де түсе алады. Ұлттық аңшылық өнермен танысып, қазақ ұлтының атты спорт ойындарына қатысып, өз бақтарын сынауларына мүмкіндік бар. Бұл бағыттардың құрамдас бөлігі «Еңлік-Кебек» ескерткіші махаббат үшін құрбан болған жастарды еске түсіреді. Абайдың асыл жарлары Ділдә мен Әйгерім мазарлары, Мұхтар Әуезовтың әдеби мемориалдық мұражайы мен оның ата – анасының мазарлары да туристер үшін қызықты болары сөзсіз. Бағыттар соңында достық пен мәдениеттер қауышуының символына арналған «Гете – Лермонтов – Абай» мемориалды кешеніне ат басын тірейміз. Табиғаттың ерекше ілтипатпен жасалған «Қоңыр әулие» үңгірінен және адам ескерткішінен тұрады. Мұнда әлі күнге дейін толық зерттеліп болмаған жер асты көлі бар. Семейге жақын орналасқан кеңестік ядролық сынақ полигонының орыны «Қырғи қабақ соғыстың» суық ызғарын еске түсіреді. Бұл маршрутта туристер ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішпен, анатомиялық, тарихи-өлкетану мұражайларымен ғана танысып қоймай, ядролық сынақтардың жер – анаға салған үлкен жарасы «атом көлін» де көре алады. Семей туризм бизнесінің орталығы ретінде де өзіне жұртшылықты тартады. Туристер үшін, алдын ала келісіммен кәсіпкерлік бөлімі қаланың іскер қауымымен кездесуді ұйымдастырады, соның ішінде көмір, алтын, молибден және басқа да пайдалы қазбаларды шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен, цемент, кірпіш, шифер, кабель-желі өнімін өндіретін, тігін, тон және былғары өнімін шығаратын, аяқ-киім, жүн, ұн, құрама жем, консервілерді және азық-түліктің кең түр-түрін өндіретін кәсіпорындарымен таныстырады. Семейде конгрестік туризм үшін барлық жағдайлар жасалған. Іскерлік кездесулерге де, конференцияларға, симпозиумдерге арналған әр түрлі залдар қандай да болсын талапқа сай. Семейді қазіргі кезде әйгілі халықаралық, республикалық спорт сайыстарын өткізу үшін жиі таңдайды. Туристерге қала театрлары, көптеген мейрамханалар, кафе, түнгі клубтар, бильярд салондары, сауналар, қазіргі заманғы аквапарк, дамыған сауда орталықтары бар ықыластарымен қызмет етеді. Осының барлығы сіздердің көңіліңізде біздің қаламыздың бейнесін жарқын да, сымбатты түрде сақтауыңызға көмектесетініне сенімдіміз.

invest.e-vko.kz

Семей туралы 10 миф

1. “Полигонның балалары”

Сурет: bnews.kz

“Семейде туғандардың денсаулығы жоқ”. Мұндай аңыздың ел ішінде тарауына бірден-бір себеп – 1945 жылдан бастап Семейде ядролық сынақтардың жүргізілуі. Ол 40 жыл бойы жергілікті халық денсаулығы мен өңір табиғатына кері әсерін тигізді. Ядролық сынақтар 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен тоқтатылды. Бұл күнде полигон жабық. Алайда, зиянды сынақтар өткен жерге алыс-жақын шетелдерден туристер көптеп ағылады. Семей полигоны зардабын тартқан 1 млн 200 мың адамнан бүгінде 400 мыңы тірі қалған. Оларға үкімет тарапынан өтемақы беріліп тұрады. “Семейде кемтар адамдар көп” деген аңыз осы полигон синдромына байланысты тараса керек. Алайда, бүгінде Семейден ондай адамдарды көруіңіз некен-саяқ.

2. “Семейдегі аспалы көпір құлауы мүмкін”

Аспалы көпір 2000 жылдың 17 қазанында ашылған. Мұндай көпір ТМД-да жалғыз. Әлем елдерінің өзінде саусақпен санарлық қана. Көпір Ертістің арғы беті мен бергі бетін байланыстырып жатыр. Одан күніне мыңнан астам көлік өтеді. Ұзақ уақыт күрделі жөндеу жұмыстарын көрмегендіктен халық арасында “аспалы көпір құлауы мүмкін” деген қауесет тараған. Алайда көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компаниясы пайдалану кепілдігін 200 жыл деп көрсеткен.

3. “Семей – Сібір”

Сурет: vko-eparhia.kz

Суығы мен аязына байланысты Семейді халық арасында “Сібір” деп атайды. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді. Алайда, Қазақстанның ең суық жері Семей емес, солтүстік-шығыстағы Атбасар жері. Мұнда ауа температурасы бір жылдары -57°С-қа дейін жеткен.

4. “Семейде ормандар жиі өртенеді”

Сурет: zastavki.com

Шығыс Қазақстан облысы мен Кенді Алтай аймағының 1,5 миллион гектар жерін ормандар алып жатыр. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта қылқанжапырақты орман, Березовка маңында қарағайлы орман орналасқан. Семейдегі орман өрттері найзағай түскенде ғана тұтанады. Қарағайлы ормандарға қарағанда, сексеуілді ормандардың өртенуі жиі тіркеледі. Бұл өрттер еліміздің оңтүстік аймақтарында орын алады. “Тілсіз жаудың” жүрмейтін жері жоқ. Тек қауіпсіздік техникасы қарастырылса болғаны.

5. “Семейді су басуы мүмкін”

Сурет: avivas.ru

Ертіс суының жылғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілген. Қалада өзен порты жұмыс істейді. Қардың көп түсуіне байланысты жыл сайын су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіледі. Бірақ бұл өзгерістер белгілі бір маусым аралығында ғана орын алады. Әсіресе, көктем айларында еліміздің барлық өңірі су тасқынының алдын алуға дайындалады. Ал, еліміздегі су басу қаупі жоғары аймақтарға Алматы облысының таулы аймақтары мен оңтүстіктегі өзендер бойындағы елді мекендер жатады.

6. “Семейде тек наймандар тұрады”

Сурет: youtube.com

Халық арасында “Семейлік қазақ – найман” деген стереотип қалыптасқан. “Қазақстанда аса кең тараған қауіпті екі вирус бар: олардың алғашқысы “шымкентский вариант” болса, екіншісі “найманский вариант” дейді тағы бір миф. Тарих бойынша наймандар Ертіс жағалауын мекендеген ірі ру. Алайда, Семейде керей, уақ, арғын мен жалайырлардың да үлес салмағы басым.

7. “Семей – қала емес, “Үлкен ауыл”

Сурет: 7palat.kz

Қала сыртындағы ауылдардың Семейге қосылып кетуіне байланысты оны қала емес, “Үлкен ауыл” деп атайды. Семей аумағы бойынша әлемдегі үлкен қалалардың қатарына енеді. Семейдің қала екенін орталық жылу жүйесіне қосылуы, ет комбинаты, цемент зауыты, СЭС пен ЖЭС-ның көп болуы, былғары, аяқ киім кәсіпорындарының осы қалада орналасуы, халқының саны мен көп қабатты ғимараттардың молдығы дәлелдейді.

8. “Семейде мұсылмандар аз”

Сурет: azattyq.org

Семейде шіркеулер көп болғандықтан “қалада мұсылмандар аз” деп жатады. ҚазАқпараттың дерегі бойынша 2015 жылғы 25 қазанда Семей өңірінде тіркеуден 35 діни бірлестік өтті. Олардың ішінде 18 мешіт, 4 православие шіркеуі, 2 католик приходы және 1 дәстүрлі емес діни бірлестік бар. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылар саны күн санап артуда. Мешіт санының көп болуы да қалада Ислам дініне сенушілердің көптігін байқатады.

9. “Семейдің жолы нашар”

“Семейге барар жол нашар, адамды шаршатып жібереді” деген аңызды жиі естисіз бе? Олай болса қалаға өзіңіз сапар шегіп көріңіз. Шығыс Қазақстан облысында теміржол, автомобиль, су және әуе жолы қатынастары қатар дамыған. Автомобиль және су жолының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада 1-орынды алады. Семей қаласына өзіңізге қолайлы көлік түрімен ыңғайлы уақытта еш қиындықсыз жете аласыз.

10. “Семейде тек орысша сөйлейді”

Сурет: ssn.kz

Семей халқының 44 пайызы орыстар. Осыған байланысты “Семейде тек орысша сөйлейді екен, орысша білмесең күн көре алмайсың” деген аңыз да айтылады. Негізі қазақтың “Мәдени астанасы” саналатын Семейді қазақтілділер мекен етеді. Семей – қазақтардың рухани орталығы. 2014 жылғы деректер бойынша қазақ тілін меңгерген қала тұрғындарының үлесі 78 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш солтүстік аймақтармен салыстырғанда анағұрлым жоғары.

baribar.kz

Семей силикат зауыты — реферат

 

 Зауыттың партия, кәсіподақ  ұйымдарының қажырлы жұмысы негізінде  бір бесжылдықта үнемделген көрсеткіштер:

 - қазандық отыны – 1889 т.;

- электроэнергия - 993 мың  квт сағатына;

- жылу энергиясы-8433 гкал.;

- құм - 24000 м3;

- әктас - 460 тон.;

- ұсақтағыш зат - 192 тн.

 

Бугаев В.А. басқарған  бу цехі ұжымы пайдаланылған бумен силикат поселкісіндегі тұрғын үйлерді, маңайдағы оқу орындарын, зауыт ғимараттарын жылытуға және оларды ыстық сумен қамтамасыз етуге ұсыныс жасап, 50 мың рубль қаражат үнемдеді. Олардың бұл тәжірибелерін Қазақ ССР промстройматериал Министрлігі басқа кәсіпорындардың пайдалануына ұсыныс жасады.

 

Адианов Б.Т., Сервидович В.П., Черненко В.Т., Романов А.Я., Бугаев В.А., Дмитриенко А.А., Штрайхерт А.Г., Никитин В.Е., Толмачев А., Куликов Б.К., Сорвачев М.Н., Немцов В.М., Гендриксон А.С., Гребнев И.И. сияқты техникалық шығармашылықпен жұмыс істейтін зауыт белсенділері кәсіпорынның дамуына өз үлестерін қосты. Жыл соңында ҒТҚ Кеңесі шығармашылығымен ерекше көзге түскен жұмыскерлерді марапаттады. Зауыт жұмысшылары жыл сайын аттестациядан өтіп отырды. Бұл тәжірибені зауыт басшылары  Ворошилов К.Е. атындағы Днепропетровск комбайн зауыты және Калинин құрылыс материалдар  комбинатынан үйренді. Аттестациялық комиссия әр жұмыс орнын аттестациялап,оларға паспорт берді. Аттестациядан өте алмаған жұмыс орындармен зауыт басшылығы,партия,кәсіподақ ұйымы жұмыс жүргізді. Ланг В.Б.,Козинцев В.Н., Ботова Г.И. шеберлер бригадалық жұмысты ұйымдастырды. Жұмысшылардың 80% осы бригадалық әдісті қолдады. Осының нәтижесінде еңбек тәртібін бұзушылар жойылды. Бұл жаңалығы үшін Министрік  В.Б. Лангқа  арнап плакат шығарды.

 

 

11 бесжылдықта 2.7 млн. дана  кірпіш жоспардан тыс шығарылды. Бригадалық әдіспен жұмыс істеген ұжымдарда өндіріс озаттары қатарлары көбейіп, олардың іс-тәжірибесі таратылды. №2 кірпіш цехінің престеуші-операторы, 3 дәрежелі Еңбек Даңқы Орденінің иегері, Дуванов атындағы Кеңес кәсіподақтары сыйлығының лауреаты, О.И. Беруктың іс - тәжірибесі «Строительная газетада» таратылды. 11 бесжылдықта Берук он жылдық норманы орындап тастады. Беруктың ізбасарлары да болды. Олар - Казанова Р., Толмачева Н.П., Дровалева П.Д., Аксенова Г.В. Беруктың тәжірибесін Қазақстанның басқа өндірістеріне тарату ұсынылды.

 

Өндіріс тиімділігіне арналған курс

 

Тоғызыншы бесжылдықтан бастап өндіріс тұрақты дами бастады. Партияның XXIVсъезі қарсаңында зауыт ұжымы  «Аз шығынмен сапалы өнімді артығымен  береміз»- ұранын қабылдады. Зауыт күннен - күнге өнім көлемін арттырып, еңбек  өнімділігін көтерді. Зауытта шаруашылық есеп комиссиясы құрылды. Бұл комиссия зауыттағы өндірістік-шаруашылық қызмет мәселерін қарастырды. Бұл мәселелерді  шешу зауыт экономикасын дамытуға жол  ашты. Дәл сол кезде өте қажет зауыттың өндірістік кеңесі құрылды. Бұл кеңестің мақсаты-жұмысшыларды, инженер-техникалық жұмыскерлерді, зауыт қызметкерлерін өндіріс басқармасына тарту. Кеңес отырыстарында еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндіріс мәдениеті, өнім сапасы, социалистік жарыс, өндіріс механизациясы және автоматизациясы, т.б. сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Осындай шаралардың ұйымдастырылуымен зауыт тоғызыншы бесжылдықтың бірінші жылы өнім шығару жоспарын 106.2%, ал силикат кірпіш шығаруды 104.4% орындады. Бесжылдықтың соңғы жылында өнім сату көлемі 4815 мың рубль болды, ал 1971 жылы екі жарым есе артты. Кірпіш шығару бес жылда 2.5 есе артып, 1449 мың данаға жетті. Қазақстан бойынша 547.6 млн. дана кірпіш таратылды. Бұл жоспардан 16.1 млн. артық еді. Еңбек өнімділігі жоспары 4.4% артты. Жұмыс сапасы көрсеткіші артқанына өнімнің өзіндік құнының өсуі дәлел. Зауыт кірісі жылдан-жылға жүйелі артып отырды. 1971 жылы жоспардан тыс 51 мың рубль, 1975 жылы 143 мың рубль кіріс алынды. Бесжылдықта барлық кіріс 2741 мың рубль болды. XXV съезде сөйлеген сөзінде Л.И.Брежнев: «Тиімділік-біздің экономикамыздың маңызды бөлігі» - деді. Бұл сөзді зауыт жұмыскерлері қабылдап, бесжылдықты тиімді аяқтауға шешім қабылдады. 1976 жылы өнім сату көлемі жоғары деңгейге көтерілді. Екі жыл аралығында 303.7 млн. кірпіш шығарылды. Бұл тапсырмадан 5.4 млн. артық. Еңбек белсенділігін арттырудың ең бірінші шешімі-социалистік жарыс. Жұмысшыларды тәрбиелеуде еңбек бәсекелестігі көп ықпалын тигізді. 1967 жылдан бастап зауыт ұжымы Республикалық және Бүкілодақтық социалистік жарыстарға қатысады. Тоғызыншы бесжылдықта зауыт 20 рет жүлделік орынға ие болды. 1974-1975 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК, Министрлер Кеңесі, кәсіподақ ұйымы Қызыл Туымен марапатталды. ВДНХ құрмет тақтасына және Қазақ КСР «Құрмет кітабына» енгізілді. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына қарсы және компартия XXV съезіне қарсы Семей «Большевичка» тігін комбинаты және Семей құрылыс материалдар зауыты ұжымы «Екпінді еңбек апталығын» бастады. Бұл бастаманы қаланың басқа кәсіпорындары да қолдады. Жоғары көрсеткіштері үшін зауыттың 117 жұмысшысы «Социалистік жарыстың жеңіскері» деген белгімен, 49 жұмыскері «Тоғызыншы бесжылдықтың Екпіні» деген белгімен марапатталды. Зауыт директоры Борис Георгиевич Еремин 1976 жылы «За трудовую доблесть» медалімен, 1977 жылы «Знак почета» орденімен, 1986 жылы «Трудовое Красное Знамя» орденімен марапатталды.1975 жылы зауытқа «Коммунистік Еңбек ұжымы » атағы, ал 1982 жылы зауытқа «60-летие образования СССР» атауы берілді. Зауыттың 300 жұмысшысы 2 жылдың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындады. Олар: Любовь Алексеевна Щеглова, Вера Клементьевна Феденева, Людмила Ивановна Семенова, Надежда Павловна Солдатова, Ольга Андреевна Сурчакова, Мария Егоровна Путинцева, Владимр Богданович Ланг, Р.С. Зяблова, М. Хилькевич, Г.Г. Кретинина, В.К. Мельников, Н.И. Хазов және т.б. Бұл жұмысшылар 3 жылдық  жоспарларын Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдығына қарсы мерзімінен бұрын орындады.  Социалистік жарыстардың формалары да әр түрлі және нақты бола бастады. Мысалы, жарыстар қорытындысы ай сайын цех арасында немесе кезек арасында декада, мамандықтар бойынша белгілі болып отырды. Зауыттың партия ұйымы және кәсіподақ комитеті жарыс қорытындысын жариялап отырды. Ол үшін зауыт ішінде көрсеткіштер тақтасы және қабырға газеті, ақпарат беттері, «Сигнал» радиогазеті ұйымдастырылды. Жарыстар қорытындысы бойынша марапаттау формалары және әдістері жетілді. Бірінші орын алған коллективке зауыттың Қызыл туы, вымпелдер, құрмет грамоталары, ақшалай сыйақы , бағалы заттар берілетін болды. Марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Ең озат жұмыскерлердің суреттері цех және зауыттың құрмет тақталарына ілінді. 600 адамнан артық жұмысшы Коммунистік Еңбек Ерені аталды. Әр квартал сайын «Ең жақсы маман» атағы беріліп отырды. Ең бірінші болып бұл атаққа Р.С.Зяблов, Т.В.Погодин, З.В.Трусов, В.Е.Никитин, В.М. Немцов ие болды.

 

Жұмысшы денсаулығы - еңбек өнімділігінің маңызды  кепілі.

Бірінші он жылдықта зауытта 230-240 адам қол жұмыс істеді. Оның ішінде 90 әйел бір кезекте 30 тонна  кірпіш көтерген күндері болды. 330-340 адам немесе 90% ылғал, шаң, газданған  бөлмелерде арнайы киімсіз аяқ киімсіз  жағдайда еңбек етті. Кейбір цехтерде желдеткіштер де болмады, тек 1965 жылы пресс  және автоклав бөлімдеріне вентиляция жүйесі орнатылды. Осындай жағдайлар  кадр тапшылығын туындады. Жұмысшылар жиі ауысып отырды. Ұжымның жиі  жаңаруы жұмыс барысына ықпалын  тигізді. Ауру-сырқау, жарақат алу  сияқты оқиғалар жұмысшылар арасында жиі кездесті. Зауыттың техникалық жағдайының жақсаруы еңбек тиімділігін  арттырды. 1969 жылдан бастап өндіріс мәдениеті бойынша цех аралық жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде әр кезек өз жұмыс орнын, жабдықтарын таза, ұқыпты ұстауға шешім қабылдады. Жұмыс орнында санитарлық сағаттар өткізілді. Осының бәрі еңбек жағдайының жақсаруына, ауру-сырқаудың азаюына, еңбек мәдениетінің артуына ықпал етті. Еңбек мәдениетін арттыру үшін өткізілген шаралар қала бойынша таратылып, басқа кәсіпорындар ұжымынан қолдау көрілді. Семей қалалық Коммунистік комитеті зауыт негізінде «Жұмысшы денсаулығы - әр басшының маңызды міндеті, еңбек өнімділігінің маңызды кепілі» атты қалалық семинар өткізді. Құрылыс материалдар Министрлігі және Республикалық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған «Еңбекті қорғау бойынша ең озат кәсіпорын» атты жарыста зауыт ұжымы белсенділік көрсетті. Оныншы бесжылдықтың үшінші жылы зауытта «Тәртіп, тазалық, сұлулық» атты жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс жастарды өз ісі үшін, зауыт мүддесі үшін жанашыр болуға тәрбиеледі. Жарысқа барлық цехтер, бөлімдер, зауыт басқармасы, кезектер, бригадалар қатысты. Жарыс барысында шаралар жұмысшылардың өз күшімен, яғни, сырттан көмексіз атқарылды. Вентиляция, аспирация жүйелері жаңартылды, қол жұмыс механизацияланды, жұмыс орындары көркейтілді, өндіріс және тұрмыс ғимараттары жөнделді, ғимараттар сырты әктеліп, боялды, зауыт территориясы жөнделді. Осы жұмыстардың барлығы зауыт жұмыскерлерінің күшімен іске асты. Еңбек мәдениетін көтеру үшін жасалған шаралар нәтижесінде 70 әйел адам ауыр қол жұмысынан босатылды. Барлық автоклавтар дабылды - блок қақпақтармен, температураны және қысымды бақылау, реттеу приборларымен жабдықталды. Техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Госгортехнадзор мекемесі бекітілген кестеге сай дефектоскопиялық бақылау және автоклавтарды, автокрандарды диагностикалау жұмысын жүргізді.  Қауіпсіздік шараларына бас инженердің орынбасары Ю.И. Щетинин және аға инженер В.В. Мариенко жауапты болды. Қазір бұл қызметті В.В. Мариенко мырза басқарады. Өткен жылдары қол жұмыстарын қысқартуға арналған 300 шара өткізілді. Еңбек жағдайын жақсартуға арналған жұмыстар арқасында шаң, газданған цехтер мүлде жоқ. Вентиляция жүйесіне және жабдықтардың герметизациялануына байланысты жұмысшылар ауасы таза цехтерде жұмыс істейді. Ауру-сырқаумен жұмыс босату жайлары едәуір қысқарды. Зауыт территориясы әр цехке, бөлімге бөліп берілді. Олар өз жерінің тазалығы, әдемілігі үшін жауап берді. Зауыт териториясы да, жұмыс орындары да шамдармен жабдықталды.Барлық жұмысшылар және қызметкерлер сәнді жұмыс киімімен қамтамасыз етілді. Зауыт ұжымы Облыстық партия комитеті және Облыстық атқару комитеті, Құрылыс Материалдар Министрлігі дипломдарымен, Қызыл тумен марапатталды. Бүгінгі күні зауыт алаңы 2.5 га көгалдандырылған. 1.5 км зауыт маңы жолы асфальтталған. 2007 жылы Шығыс Қазақстан бойынша еңбек, қаіпсіздік, еңбекті қорғау заңын орындау жарысы нәтижесінде «Силикат» ЖШС I орынға ие болды.

 

 Әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени даму

 

Жаңа техника енгізілуімен бірге әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер  де шешілді. 1976 жылы зауыт тұрмыстық корпус салды. Бұл корпус бес қабатты, жан-жағына ағаштар, гүлдер отырғызылған. Жаз бойы зауыт территориясы гүлзарлардағы гүлдермен құлпырып тұрады. Тұрмыстық корпус ұжымын Н.А. Лемякина басқарады. Бірінші қабатта денсаулық цехі орналасқан. Барлық бөлмелер кең, жарық, таза. Физиотерапевтік кабинет УВЧ, ультрафиолет шамымен, ингаляторлармен жабдықталған. Процедура кабинеті, терапевт - дәрігердің кабинеті бар. Ем алғаннан кейін демалыс бөлмесінде демалып, теледидар көруге болады.  Сондықтан зауыт жұмысшылары арасында кәсіби аурулар жоқ. Зауыт қызметкерлерін келісім - шарт бойынша теміржол ауруханасы емдейді. С.З. Макарова жыл сайын дәрігер мамандарды зауытқа шақырып, жұмысшыларды медициналық қараудан өткізеді. Спорт залында аурудың алдын алу мақсатымен лекциялар, семинарлар, практикалық сабақтар өткізіледі. 100 орындық асхана және дүкен зауыт территоричсындағы орналасқан. Мереке күндері аспаздық көрмелер ұйымдастырылады. 9 мамыр мерекесінде кәсіпорын озаттары, соғыс және еңбек ардагерлері салтанатты жиынға шақырылып, сыйлықтармен марапатталады. Зиянды еңбекпен айналысатын жұмысшыларға тегін сүт беріледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін цехтерде дәмхана бар. Зауытта 250 орындық, мәжіліс залы бар. Зауыттың көркем өнерпаздар ұжымы, ән-би тобы бар. Соңғы бесжылдықтарда 30 мың квадрат метр тұрғын үй салынды. «Тұрғын үй-91» мемлекеттік бағдарламасына сай әр жұмысшы, әр отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Зауыт жұмысшыларының балалары толықтай балабақшамен қамтамасыз етілді. 260 орындық балалар комбинаты ашылды. Зауыт жұмысшылары және олардың отбасы демалысы үшін қала сыртынан қарағайлы орман ішінде, Ертіс өзенінің жағалауында 220 орындық демалыс орны ашылды. Бұл екі қабатты ғимаратта асхана,бассейн,ойын алаңы бар. Қыс мезгілінде жұмысшылар мұнда шаңғы тебуге келеді. Жазғы уақытта зауыттың кәсіподақ комитеті жұмысшыларға Алакөл, Голубой залив, Бурабай сияқты демалыс орындарына жолдама береді. 1980 жылы өз қосалқы шаруашылығын ашты. Бұл шаруашылықта зауыт асханасы үшін шошқа өсірді. Сөйтіп, әр жұмысшы жыл сайын осы шаруашылықтан 30 кг ет алып отырды. Зауыт жұмысшылары сауықтыру шараларына да қатысты. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, теннис, ауыр атлетика, шаңғы, коньки, т.б. спорт түрлеріне спартакиадалар өткізіледі. Бұл жұмыстарға мұрындық болып отырған адамдар Б.Н. Шушеньков, А. Майснер, Д. Жакашев. 1976 жылы зауыт директоры бастаған экономикалық кеңес ашылды. Бұл кеңес құрамына партбюро хатшысы, бас механик, жоспарлау бөлімінің бастығы, т.б кірді. Бұл кеңестің мақсаты – оқу - әдістемелік және ақпараттық материалдар дайындау, цех, кезектердің экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін көмек көрсету. Цех, бөлім бастықтары жылына бір рет Кеңес алдында есеп беріп отырды. Мысалы, бу цехінде «Жұмыс орнынан бастап өнім шығарғанға дейін - жақсы сапа» атты сабақ өткізілді. Үгітші Л.Ф. Адианова өз сөзінде зауыт жұмысының өндіріс көрсеткіштерімен тығыз байланыстылығын айтты. Тыңдаушылар сабақта белсенділік көрсетті. Су, бу, отын шығынын есептеп, оларды қалай үнемдеу керек екені туралы ойларын айтты. №1 цех операторы Л.И. Семенов, №2 цех жұмысшысы А.Б. Флоров, әктас күйдіруші Н.И Симаков, ұста В. Конобевский сияқты озат жұмысшылардың тәжірибелері туралы плакаттар шығарылды. Ал Я.А. Капков, А.А. Дмитриенко сияқты белсенді рационализаторлардың іс-тәжірибелері туралы «Ертіс» гәзетіне мақала шықты. Зауытта болып жатқан ғылыми-техникалық прогресс еңбек қарқынына түбегейлі әсерін тигізді. Қазіргі таңда білікті жұмысшы күрделі техникалық жабдықтың тілін біледі. 1967 жылы зауытта 500 адам жұмыс істеді. Олардың 36-сы инженер-техникалық қызметкер болды. 36 маманның 24-інде арнайы орта білім, тек 5-еуінде ғана жоғарғы білім болды. Он жылдан кейін инженер және техниктердың саны 60 адамға жетті. В.П. Сервидович, В.Т. Черненко, А.Б. Бугаев, А.М. Грязнов, Е.Г. Семенов, Д.Б. Шушеньков сияқты жұмысшылар өндірістен қол үзбей жоғарғы оқу орнын бітірді. Инженер-техникалық қызметкерлер Ресей және Қазақстанның алдыңғы қатарлы қалаларына барып біліктіліктерін арнайы курстарда көтеріп отырды. Ал О.И. Горбунова, Г.И. Ботова, Н.А. Наумова сияқты қызметкерлерге зауыт қаражат бөліп, олардың жоғарғы оқу орнын бітіруіне көмектесті. Қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде М. Власенко, инженер Р.М. Махмутов, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде механик С.Гуц, Павлодар Еуразия техникалық университетінде слесарь И.Ф. Мальцев білім алады. Зауыттан көптеген басшы кадрлар шықты. Бірнеше талапты басшыларды тәрбиеледі. Мысалы, Семей облысы Курчатов қаласы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.М. Сафронов, Семей қаласы аудандық атқару комитетінің төрағасы В.В. Малинин, облыстық партия комитетінің бөлім бастығы А.И. Березин, Лениногорск, Семей кірпіш зауыттарының директоры А.И. Польской және т.б. 23 жылдан артық заыутты басқарған Қазақ КСР құрметті құрылысшысы Б.Г. Еремин көптеген өндіріс басшыларын тәрбиеледі. Мысалы, «Силикат ЖШС» қазіргі бас директоры Б.Т. Адианов, комерциялық директоры Г.И. Стариков, техникалық директоры Б.Н. Шушеньков. Зауыттың белсенді жұмысшылары: Б.Ф. Плотников, В.П. Сервидович, И.И. Захарченко, А.И. Польской, В.А. Гасс, А.А. Дмитрюк, Л.А. Подопригора, И.Д. Синицына, В.Н. Пахотина, Ж. Макашев, З.П. Силкина, Г.Н. Жукова, Р.С. Зяблова, ЛюИ. Харитоненко, А.А. Гасс, И.И. Гребнев, К.К. Смагулов, В.Т Черненко, П.А. Юдин, И.И Селютин. А.В. Маслов, М.А. Махмутов, С. Кандабаров, Г.Г Кретинина, Боровиков, С.Д. Суховеркова, А.Б. Акаева, А. Нетишинский, В. Демидов, В. Гуссер, О.И. Горбунова, Г.В. Горбунов, В.А. Феденев, Е. Исатаев, Г.И. Семенов, В.В Южаков, Г.И. Ботова, Д. Смаилов, Е.П. Наку, М.Н. Зяблова, В.П. Бучин, И.Н. Сагайдачный, В.П. Степанов, Г.В Матвеев, Н.П. Гасперт, В.П. Митрофанов, Д. Емельянов, В. Конобевский, В. Лидберг, Н.Н. Копыльченко, В. Кузнецов және т.б. Зауыт ұжымы еңбек дәстүрлерімен және еңбек династиясымен бай. 1989 жылы Сербин Г.И. қабырға материалдары өндіріс бірлестігінің бас директоры болып сайланады. Сол жылы Г.И. Сербин кірпіш зауытын «Созидатель» құрылыс коперативі құрамына беру туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты облыстық комитет және облыстық атқару комитеті басшылары қолдайды. Кеңес одағының құруына байланысты мемлекеттік тапсырыстар жойылып, экономикалық реформа өндірістің барлық деңгейлерін қамтиды. Барлық жерде құрылыс тоқтайды. Әрине, осы кезде зауыт өнімді аз шығаруға мәжбүр болды. Ал 1994 жылы зауыт жабылды, яғни, жылына 100 млн. кірпіш шығаратын өндіріс тоқтап қалды. 1993 жылы 22 ақпанда жекешелендіруге байланысты «Силикат» акционерлік қоғамы тіркелді. Президенті болып Борис Тимофеевич Адианов сайланды. Енді кәсіпорын тәуелсіз болды, бірақ көп қиыншықтарға барып тірелді. Айналымдағы қаражаттың тапшылығы, инфляция, тұтынушылардың төлеу қабілетсіздігі, жоғары % несие, фискалды салық жүйесі - осы жағдайлардың бәрі өндіріс барысына ықпалын тигізді. Бүкіл Қазақстан бойынша өндіріс қарқыны түсіп қалды. Біздің өнімге деген сұраныс түсіп қалды. 1993 жылы 188.3 млн кірпіш өндірілсе, 1995 жылы бұл сан 35.9 млн болды. Жалпы экономикалық дағдарысқа, қаладағы ірі кәсіпорындардың тоқтағанына қарамастан «Силикат» АҚ өз жұмысын тоқтатпады. Қалай да болмасын тіршілік жасау екенін зауыт басқармасы, жұмысшылары да түсінді. Сондықтан өз күштеріне ғана сеніп, тіршілік көздерін іздей бастады. Өнімнің бағасы, оны сату, бартер, есептесу әдістерінің тиімді жағын іздестірді. Кезінде әктас күйдіретін пештерге Ресейден алып тұрған Кузбасс көмірі қоры таусылып, жергілікті Майқұба, Қаражыра, Екібастұз көмірлерін қолдана бастады. Отандық көмір сапасы, әрине, төмен болды. Олардың атмосфераға шығаратын зиянды заттары аймағымыздың экологиясына жаман әсерін тигізді. 1991-1993 жылдарғы жоспарға сәйкес Суық бұлақта әктас зауыты құрылысы басталуы керек еді. Жоспарланған бұл зауыт экологиялық таза болуы керек. Атмосфераға шығарылған нормадан артық зиянды заттар үшін миллиондаған айыппұл төленді. Сондықтан №4,5,6 пештерге шаң-газ тазартушы құрал орнатылды, ал № 1,2,3 пештердің тазартушы құралы жаңартылды. Енді цех ұжымы, бас мамандар әктасты күйдірудің тиімді технологиялық әдісін іздей бастады. 2005 жылы келісім-шартқа сай Кемерово қаласы «Кокс» АОҚ металлургия коксын жіберіп отырды. Әктас күйдіргіш пештер толығымен коксқа көшті. Сөйтіп, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мөлшері азайды, әктас сапасы жоғарлады. Акционерлік Қоғам басқармасы қарамағындағы тұрғын үйлерді қала балансына бермек шешімін қабылдады. 1993 жылдың 1 наурызында «Силикат» АҚ балансында 36098 м2 тұрғын үй, балабақша, пионер лагері, жанұялық жатақхана болды.

 

Сол кезеңдегі өндірістен тыс шығындар:

- тұрғын үйге-43 млн рубль

- балабақшаға-8 млн рубль

- «Экология» бағдарламасына - 23 млн рубль

 

1996 жылы «Силикат» АҚ  «Силикат» ААҚ болып қайта  құрылды. Сол жылы «Силикат»  ААҚ Астана қаласы құрлысы  үшін құрылыс материалдарын жеткізуге  тентер ұтып алды. Қазақстанның  басқа қалаларына да кірпіш  жеткізіле басталды.Қазақстанның  басқа өндірістерімен салыстырғанда  «Силикат» ААҚ кірпіш пен әктасқа  ең төмен баға қойды. Зауыт  басқармасы өнімнің өзіндік құнын  және өнім сапасын бақылауға  алып отырды. 1999 жылы «Силикат» ААҚ өнім сапасы үшін Халықаралық Платина жұлдызы берілді. Зауыт ұжымы үнемі Республикалық, облыстық көрмелерге қатысып, әртүрлі Дипломдармен марапатталды. «Қазақстанның ең үздік тауарлары» атты көрмеге қатысып, Семей қаласы әкімінің Дипломымен марапатталды. 2002-2004 жылдары Астана қаласында Промстройиндустрия ұйымдастырған III және V Қазақстан Халықаралық көрмесіне қатысып, «Силикат» АҚ өнім сапасы үшін Дипломмен марапатталды. 2003 жылы «Силикат» АҚ «Силикат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды. 2006 жылы «Силикат» ЖШС Астана қаласында Промстройиндустрия ұйымдастырған VII Қазақстан Халықаралық көрмесіне қатысып,өнімінің жоғары сапасы және прогрессті технология енгізгені үшін Дипломмен марапатталды. Бұл жетістіктер Қазақстан аумағында «Силикат» ЖШС бәсекелестікке төтеп бере алатынына дәлел. 2005 жылы «LASKO» Германия фирмасының КSE-400 гидравликалық пресі орнатылды. Енді кірпіштер сапасы одан да жоғарлады. 2006 жылы «LASKO» фирмасының KSP-801 гидравликалық пресі орнатылды.Бұл жабдықты ең алғашқы игергендердің бірі инженерлер А.В. Ботов, А.Ю. Попов, операторлар И.В. Колпакова, С.Г. Ковязина, слесарь А.Н. Сабанцев болды. 1999 жылдан бастап түсті кірпіш өндіру қолға алынды. 2004-2007 жылдары автоклав бөлімінде қосымша гидравликалық ашылатын қақпағы бар төрт автоклав орнатылды. Жүк машиналар паркі де кеңейіп, өсе бастады. Жабық вагондардан жүк түсіруші вильчатый погрузчик, 10.0 тонна жүк көтере алатын мостовой грейферный кран, 32 тонна жүк көтере алатын автокран сатып алынды. Автопаркке автосамосвал алынды. Жылу пункіне қазіргі заманғы жылу алмастырғыштар орнатылды. Жыл сайын жасалып отырылған әртүрлі техникалық шаралар арқасында қол жұмысы қысқарып,еңбек жағдайы және еңбек мәдениеті көтерілді. Кірпішті автоклавта ылғалмен өңдеу процесін автоматты бақылау жүйесі, мобилді телефон байланысы, крандарға бейне камера орнатылды. Бұл жұмыстар еңбек жағдайын жақсартып, техникалық қауіпсіздікті арттырды. Вентиляция жүйесі қайта құрылды. Соңғы үш жылда жаңа инженер желісі, яғни жылу трассасы, канализация, водопровод салынды. Мұнда В.Т Черненко, механик Н.Н. Лазурин, бас энергетик С.В. Докунин, цех басшылары Г.В. Горбунов, В.А. Польской, Т.Т Хисамитов, М.А. Боровиков, КИПиА бастығы С.Н. Тамбовцев, В.П. Болкунов белсенділік көрсете білді. Зауыттың территориясына жас ағаштар егіліп, гүлзарларға гүл өсірілді. Зауыт территориясының экологиялық ахуалы жақсарды. Жылдан-жылға өнім көлемі, өнім сату көлемі, еңбекақы қоры да өсті. 2006 жылы 1.7 млд теңгеге тауар сатылды. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 700 млн теңгеге артық. 2006 жылы негізгі өндіріс капиталы инвестициясы шамамен 280 млн болса, еңбекақы орта есеппен 36.500 теңгеге дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 7.500 теңгеге артық. 2006 жылы зауыт қайырымдылық қорына 4.0 млн теңге құйды. INSAM Женева Бизнес және Басқару институты қолдауымен «Силикат» ЖШС «Эффективно развивающееся предприятие» номинациясы бойынша марапатталды.Бұл награда Қазақстан бойынша зауыт өз саласында көшбасшы екендігінің дәлелі. 2007 жылғы маусым айында Сертификаттау органы «Силикат» ЖШС-не ENISO 9001-2000 cәйкес силикат кірпіш және әктас өндіру саласында менеджмент жүйесі Сертификаты тапсырылды. Қазіргі заманда тұтынушылар сапалы, әдемі буылған өнім алғысы келеді. Тапсырысын мерзіміне сай сапалы дайындайтын Серіктеспен бірігіп жұмыс істеген қандай тамаша. Осындай кәсіпорынның бірі болып «Силикат» кірпіш зауыты есептеледі.

 

Зауыттың даму перспективалары

 

50 жылдан бері 5 миллиард  дана кірпіш өндірілді, яғни, осынша  кірпіштен миллион тұрғыны бар  қала салуға болады. «Силикат»  ЖШС шығармашылықпен белсенді  өмір кешіп жатыр. Өнімі халықаралық  сапа стандартына сай. 2007 жылы жөндеу-механика цехінің өндіріс алаңы қайта құрылды. Автоклав вагоншалар дайындау технологиясы жетілдірді. Алдыңғы он жылға жеткілікті кварц песокпен қамтамасыз ету үшін зауыттан үш шақырым жерде 76.6 га жер теліміне геологиялық барлау жұмысы жасалып жатыр. Директорлар Кеңесі алдымыздағы уақытта №2 кірпіш өндіру цехін өндіріс қуаты 60-70 млн дана кірпіш шығаратындай етіп қайта құру жоспарлап отыр.

Бұл қайта құру төмендегідей жұмыстарды қамту керек:

- «седвич» плиталарына  және оцинкованный профлистқа  ғимарат қабырғаларын ауыстыру, шатырды жөндеу;

 - силикат масса дайындайтын бөлімді жөндеу;

- кесек әктасты ұнтақтайтын жабдықты, шар диірменді,элеваторды жөндеу;

- «LASRO» фирмасының автоматты технологиялық кірпіш шығару жүйесін орнату;

- 2х19м маркалы төрт жаңа автоклавты орнату және бес ескі автоклавты жөндеу;

- автоклавтан кірпіш шығаратын механизмді және өндіріс жолдарын жөндеу;

- кірпіш қалайтын жүйе және поддон алу, силикат масса дайындайтын №1 кірпіш цехінде дистанционды басқару жабдығын орнату.

 

Қазіргі уақытта ISO 14001 экологиялық  менеджмент жүйесін, OHSAS-18008 қауіпсіздік  және денсаулық сақтау менеджмент жүйесін  енгізу барысында жұмыс жүріп жатыр. Бес жыл арасында ПНР шығарылған 9 автоклавты және дайын өнім қоймасындағы 1961 жылы шығарылған 2 мост кранды ауыстыру керек. Бүгінгі күні цех басшыларының, механиктердің,шеберлердің 50% жас мамандар.

 Адымызға қойған барлық жоспарымызды орындаймыз деген сеніміміз бар.

 

 

 

 

 

 

                                     Жоспар:

 

Кіріспе

 

I. Зауыттың тарихы

 

II. Техникалық үдеріс – кәсіпорынның сара жолы

 

III. Өндіріс тиімділігіне арналған курс

 

IV. Жұмысшы денсаулығы - еңбек өнімділігінің маңызды кепілі.

V. Әлеуметтік-тұрмыстық және  мәдени даму

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

referat911.ru

Қазақша реферат: Семей полигоны » ZHARAR © 2018

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605.Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді.Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды.1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды.Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауд. «М») , «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. « Дегелен», пл. «Ш».

Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста.Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы ССРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан- қыркүйек).

Оны артиллерия генерал- майоры Колесников Сергей Георгиевич алмастырды. Семей сынақ полигонының соңғы командирі Коноваленко Юрий Владимирович болды. Алғашқы дайындыққа жетекшілік етуші Игрь Васильевич Курчатов болды.Әскери құрылысшылар 1947 жылы Ертіс өзенінінң жағасына (Обь өзенінің үлкен сағасы, Қазақстанның маңызды өзендерінің бірі) орналасты. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады.Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар сәскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтаййшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Әскерлерде қыс бойына тамшылар тамып, әсіресе жылынған мезгілде тоқтамады.Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын.Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген.

Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі.Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде ,1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды.Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы ( М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады.Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды.

Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды.Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі1953 жылы аяқталды.Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған.Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды.1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған.1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші,16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер,708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді.

«О» алаңыЕртістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта –Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды.«Ш» алаңы1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені , 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан.«Балапан» алаңыЖерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен.Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды.1988 жылы ССРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері болды.

«№ 10» алаң

Атомдық реакторлар мен жаңа технологиялардың мемлекеттік ғылыми орталығының базалық алаңы болды. (« Луч» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестігі). Мұнда екі зерттеу реакторлары, 3 7000 орындық қонақ үйі, 524 адамдақ казарма болды.«Дегелен» алаңы

Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы- техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды.Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды.Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахтақұрылысшылары өндірістікбазасы , бұрғышылар, геологиялық барлаушылар,құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен , түнімен сынақ алаңдарымен,орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын.Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физактері И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров , Я. Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен.

Оларды ядролық қарудың әкелері деп атайды.1990 жылы қала халқа 200 мың адамда құрады. Курчатво сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды.Радиактивті газадардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды. ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді.Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды.ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді.Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды. 1996 жылы–«КК Интерконнект» негізігі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады.ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады.

Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км)кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді.Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән : көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан.Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады.

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда қалада 9900 адам, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 400 адамға көбейген. Ұлттық құрам: Қазақтар-3,14 мың адам (31,7%), орыстар-5,96 мың адам (60,2%), басқа ұлттар –0,8 мың адам (8,1%).Қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз ету көзі республикалық бюджет.Қалада 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олардың : шағын-92, орташа-8, ірі-4. Әрекеттегісі-74 кәсіпорын.Өндіріс: Курчатовта 6 әрекеттегі өндірістік кәсіпорын бар: “Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), ШҚ АЭК Курчатов филиалы (электрэнергиясын өндіру), “КК Интерконнект” (электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру), «Азот» ӨК (газтәрізді және сұйық оттегін, ацетилен өндіру), «Луч» КИП ЖШС (салмақты өлшеу жүйесін өндіру және қызмет көрсету), «Дегелен тас» ЖШС (табиғи тастар мен өңдеу плиталарын өндіру).Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылығы және шаруа қожалығы тіркелмеген, бірақ халықтың қосымша шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар.Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 629 адам айналысатын 292 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген.

Оның ішінде : 29 шағын кәсіпкерлік, 98 жеке тұлға патентпен жұмыс істейді, 98- куәлікпен, 67- жай декларациямен жұмыс істейді.Қалада 3 наубайхана жұмысістейді (Надеев, Вдонин, Ковалева).

Қалада үш ескерткіш бар:

• Жеңіс ескерткіші •Курчатовқа арналған ескерткіш •Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш

Жеңіс ескеркіші 1985 жылы Павлодар қаласының сәулетшісі, 31516 ә/б әскери құрылысшылырмен және 52605 ә/б әскери құрылысшыларымен салынған. Ескеркіштің ашылуы 1985 жылы 9 мамырда болған.Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш 1972 жылы салына басталған. 10 тамызда оның ашылуы болған. Сәулетшісі- Ресей Федерациясының мәдениетіне еңбегі сіңген сәулетші- Корнеев Георгий Александрович. Ескерткіш қаланы тұрғызған әскери құрылысшылар құрметіне салынған (1947-1972).

www.zharar.com


Смотрите также